Криптовалютаны заңсыз өндіретін майнерлер электр энергиясынан мәжбүрлі түрде ажыратылатын болады.
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне Қазақстандағы электр энергиясының тапшылығына жол бермеуді және «сұр» майнингке қатысты қатаң шаралар қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі.
«Сұр» майнерлерді мәжбүрлі түрде өшіру керек», — деді премьер-министр Су кеңесінің бірінші отырысында.
Үкіметтегі Су кеңесінің отырысында Қырғызстанмен электр энергиясын тауар алмасу және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Қазақстан мен Қырғызстан тараптары электр энергиясы және сумен қамтамасыз бойынша тауар алмасу туралы өзара тиімді шарттарда уағдаластық жасасты.
«Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Әлеуметтік тыныштық пен азаматтардың әл-ауқаты – Үкіметтің негізгі міндеті. Бұл мәселе ерекше бақылауда», – деді Смайылов.