РФ Ауғанстанды геосаяси ықпалын күшейту үшін қолдануда

Ресей басшылығы Орталық Азия аймағындағы елдерді нысанаға алды. РФ-ның мақсаты өз айналасына посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерден тұратын одақтастарды біріктіру болып табылады.

Қазір Ауғанстан аумағынан НАТО мен АҚШ әскерлерінің шығарылуына байланысты болып жатқан оқиғалар Ресей үкіметі үшін оң тенденция болып табылады. Өйткені бұл әлемдегі геосаяси ықпалын күшейтуге және әскерлерін жіберіп өңірдегі өз позициясын нығайтуға таптырмас мүмкіндік.

Кремль Орталық Азия аймағындағы іс-қимылдарын қайта жандандырды. РФ Орталық әскери округі әскерлерінің қолбасшысы Александр Лапиннің мәлімдемесіне сәйкес, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан 5-10 тамыз аралығында тәжік-ауған шекарасында бірлескен әскери маневрлер өткізуді жоспарлап отыр. Бұл оқу-жаттығулар Харб-Майдон полигонында өтеді. РФ Қорғаныс министрлігі мәлімдегендей, Ресей мен Өзбекстанның 1,5 мыңға жуық әскерилері өзбек-ауған шекарасында орналасқан «Термез» полигонында бірлескен оқу-жаттығу өткізеді. Оқу-жаттығу 30 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді, оған 200-ден астам әскери техника жұмылдырады.

Ресей басшылығы Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасындағы жағдай шиеленісіп кетсе Ресей шетелдегі ең ірі ресейлік әскери база болып табылатын 201-ші ресейлік базада әскери қуатын күшейтуге дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстанның Ауғанстанмен ортақ шекарасы жоқ және ҰҚШҰ мүшесі болғанына қарамастан, жоғарыда аталған барлық әскери жаттығуларға қатыспайды.

«Мәскеу Ауғанстандағы жағдайды неғұрлым тығыз әскери-саяси серіктестікті жолға қою үшін пайдаланады, ал бұл өз кезегінде негізгі саяси шешімдерді қабылдау кезінде қысымның шешуші тетігі бола алады», — деп есептейді батыс сарапшылары.

Добавить комментарий