Саясаттанушылар ресейлік пропаганданың мақсатын айтты

Батыстың саясаттанушылары Ресейде жаңа заңдардың көмегімен сөз бостандығы шектеліп жатқанын мәлімдеді. «Ресей халқы өз бостандығын шектеп, ел билігінің әрекетіне келіспесе немесе қанағаттанбаса қарсылық біллдірмеуді жөн көреді», — деп жазады олар. Саясаттанушылардың хабарлауынша, қазір ресейліктердің қарсылық білдірмеуі олардың өміріне қауіп төндіреді, өйткені олар кез келген уақытта мобилизацияланғандардың қатарында қосылуы мүмкін.

Шетелдік мамандардың пікірінше, Ресейде ел азаматтары көгілдір экранан  қуатты күш-жігер алады. Телеарналардың қызметкерлері мотивация беру үшін немесе қорқыныш ұялату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Немесе көрермендердің көңілінен шығу үшін де барын салуда. «Оларға қандай эмоция беру маңызды емес, бастысы бұл эмоция Украинадағы соғысты қолдауға, тіпті одан да жақсысы соғысқа қатысуға итермелеуі маңызды», — деп жазады батыстық саяси технологтар.

Батыстың саяси технологтары ресейлік пропаганданың негізгі күшіі неге бағытталғанын айтты

Мәселен, осыдан бірнеше ай бұрын Мемлекеттік думаның «Единая Россия» партиясынан сайланған депутаты Дмитрий Вяткин неліктен депутаттар  әскерге шақырылмайтынын айтып берді. Өз еркімен соғыс алаңына бару, қалыптасқан жағдайдағы ең жеңіл шешім екенін айтты. Оның сөзінше, «соғысқа бармай» қазіргі проблемаларды шешу, әлдеқайда күрделі әрі маңызды.

«Владимир Соловьев мобилизация жарияланғаннан кейін елден қашып шыққан РФ азаматтарын сатқын деп атады. Кейіннен Соловьев ресейліктерді өлімнен қорықпауға шақырып, «өмір алдамшы» екенін, ал өлім сөзсіз алдымыздан шығатынын айтты. Мұндай мәлімдемелер аясында Ресей Қорғаныс министрлігі мектеп бағдарламасына және кәсіптік-техникалық училищелерге бастапқы әскери даярлықты енгізуді қолдап отырғаны ғажап емес. Осылайша, ресейлік билік жас буынға патриотизм мен мемлекеттік институттарға деген сенімнің «дұрыс» идеологиясын қалыптастыра алады. Осылайша, болашақта өлім сөзсіз, ал өмір асыра бағаланған деген идеяны миларына сіңіруге жеңіл болады», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Батыстың саяси технологтары ресейлік пропаганданың негізгі күшіі неге бағытталғанын айтты

Ресейлік саясаткерлер РФ «жауыз империяға» қарсы қасиетті соғыс жүргізіп жатыр деп мәлімдеп жатыр. Хабарланғандай, Украина «тоталитарлы гиперсектаға» айналған: ел азаматтары православтік дәстүрлерден бас тартып жатыр. Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев РФ әскері Украинада шайтан сарбаздарына қарсы соғысып жатыр деп мәлімдеді. 

«Ресейліктер путиндік пропаганда оларды субъектіліктен, азаматтық жауапкершіліктен айырып, оларға дәрменсіздікке алып келетінін түсінулері керек», — деп мәлімдейді украиналық саяси технологтар.

Добавить комментарий