Ресейлік спортшылар Украинаның санкциялық тізіміне енді

Украинаның Жоғарғы Радасы ресейлік спортшыларға қарсы жеке санкциялар салуда мақұлдады. Қара тізімге Украина Ұлттық футбол құрамасының бұрынғы капитаны Анатолий Тимощук кірді.

Хабарламада айтылғандай, қара тізімге «Украина аумағындағы қарулы қақтығысты жүйелі және белсенді түрде қолдайтын спортшылар енгізілген.

Санкциялар 10 жылға созылады. Шектеу шарасы аталған тұлғалардың Украина аумағындағы активтерін бұғаттауды, сауда операцияларын шектеуді, сондай-ақ Украина аумағына кіруге тыйым салуды, Украинаның мемлекеттік наградаларынан айыруды, марапаттаудың басқа да нысандарын қолдануды қамтиды.

Еске сала кетейік! Украина футбол қауымдастығының бақылау-тәртіптік комитеті ұлттық құраманың экс-ойыншысы Анатолий Тимощукты барлық атақтарынан, бапкерлік лицензиясынан айырып, отандық футболдан шететті.

43 жастағы (1979 жылы 30 наурызда туған) Луцк тумасы Анатолий Тимощук 2017 жылдан бері «Газпропом» қаржыландыратын Санкт-Петербургтік «Зенит» футбол клубының бас бапкерінің ассистенті қызметін атқарады.

Қалалық кеңес депутаттары Анатолий Тимощукты «Луцк қаласының құрметті азаматы» атағынан айырды.

Добавить комментарий