Ресейлік пропаганда қалай жұмыс істеп жатыр: батыстық сарапшылардың пікірі

Батыс сарапшылары Ресейде пропаганда қалай жұмыс істеп жатқанын және оның ел азаматтарына ықпалы қандай екенін айтып берді. «Кең ауқымды Ресей-Украина соғысы басталғалы Кремль пропагандасы ресейліктерді соғыс тек Ресейдің жеңісімен аяқталады деп сендіріп келеді. Қазірдің өзінде Ресей әскері Украинада қандай мақсатты көздеп отырғанын ешкім айтпауда. Негізінен, пропагандисттер мен Путин режимі өкілдері арнайы операцияда қойылған мақсаттарға қол жеткізілетінін, ал Ресей армиясы соғыс алаңында алға жылжып келе жатқанын айтуда. Осылайша, Ресей халқына оккупациялық соғыста РФ әскері тез арада жеңіске жетеді деп жалған «үміт» ұялатуда. Нәтижесінде ресейліктер ел әскерінің Украинадағы әскери қимылдарына қолдау көрсетуді жалғастыруда.

Тіпті ресейліктерді соғысқа қолдау көрсетуге мәжбүрлеп жатыр. Пропаганданың анағұрлым тиімді құралы Ресей қоғамын қорқыту. Ресей соғыста жеңіске жете алмайтыны белгілі болған сәттен бастап, Путин соғысты ұзаққа созып, жеңіске жете алмайтынына көзі жеткен секілді, енді пропагандисттер ресейлік қоғамға жеңіліске байланысты қорқыныш сезімін «ұялата» бастады. Қарапайым сөзбен айтқанда, егер РФ соғыста жеңілетін болса, онда елде қорқынышты жағдайлар орын алады деп сендіруде.

Ықтимал сценарийлердің бірі, Кремль пропагандасының пікірінше, Батыс Ресейді ыдыратуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президенті мәлімдеді. Путин батыс елдері Ресейді «бөлшектеуге» тырысып жатқанын айтты. Егер «ұжымдық Батыс» жеңіліс тапса, пропагандисттердің сөзінше, РФ қуатты бола түседі. Олардың ойынша, Батысқа қуатты және ықпалды Ресейден гөрі бірнеше шағын мемлекетті бақылау тиімді болады. Бірақ бұл теория қисынды емес. Аумағы үлкен елдің жекелеген кішкентай мемлекеттерге ыдырауы — бүкiл әлемнiң қауiпсiздiк жүйесiне қауiп төндiретін хаос болады. РФ-да ядролық қару бар, ел ыдырағаннан кейін ол кімнің қолында өтетінін ешкім білмейді. Бұған осы елдерде қылмыс саны артқанын, атқарушы биліктің, мемлекеттік қызметтің жұмыс істемейтін институттарын және т.б. қоссақ болады.

Соғыстағы жеңіліске байланысты тағы бір қорқыныш — РФ-ның әлсіздігін пайдаланып, жерді тартып алуы мүмкін. Бұл аспектіде пропаганда көптеген нұсқаны алға тартуда: Ресейден Сібірді немесе РФ жерін тартып алады, өнеркәсіпті иемденеді немесе санкцияларды ешқашан алып тастамайды және т.б. Аумақтық мәселеге тоқталайық.21 ғасырда ешкім біреудің жерін тартып алмайды. Қазірші замаанда аумақтардың өзі актив емес, пассив. Бұл аумақтарға айтарлықтай қаржы салып, оларды дамытумен айналысып, инфрақұрылымды қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарға зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы төлеу және т.б. қажет. Ал салынған қаражат көптеген жылдар өткен соң ғана ақталады. Оккупацияланған аумақтарда ресурстарды өндіру жөніндегі түрлі жобаларды қаржыландыру да ақылға сыйымсыз. Инвестициялар қауіпсіз болуы үшін заңдылық пен тұрақтылық қажет. Егер жергілікті тұрғындар сіздің билігіңізді заңсыз деп, ал сізді оккупант деп деп санайтын болса, оккупацияланған аумақтарда қандай заңдылық болуы мүмкін. Санкцияларға келетін болсақ. Батыс елдерінің экономикасы үшін санкциялар тиімсіз екенін түсіну керек. Батыс елдері, әрине, қалыптасқан жағдайға бейімделіп, етін үйретуде, бірақ бұл процесс баяу, күрделі жүріп жатыр. Санкциялар — екі тарапқа да зиян келтіретін құрал. Осылайша, санкцияларды алып тастауға Ресей ғана мүдделі емес. Путин ел әскерлерін Украина аумағынан шығарып, соғыс қимылдарын тоқтататын болса батыс елдері санкцияларды алып тастау мүмкіндігін қарастыратынын білдіреді.

Ресей пропагандасы қоғамға жеңіліске ұшырау қорқынышын ұялатуда, бірақ соғыста жеңіліс ресейліктерді қалыпты өмірге, ал Ресейді өркениетті әлемге қайта қосылуына мүмкіндік береді», — деп жазады батыстық сарапшылар ресейлік БАҚ-тың жұмысына түсініктеме бере отырып.

Добавить комментарий