Абай облысында өрт сөндіруші қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапты


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-38112-1662650875-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Абай облысында өрт сөндіру кезінде ТЖМ қызметкері — Айдос Тоғызбаев қаза тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуезов кентіндегі №22 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 7 қыркүйек күні Абай облысы Жарма ауданы Бозығұрт ауылдық округі Бірінші ауылының учаскесінде құрғақ шөп жанып жатқан жерге барған.

«Табиғи өртті сөндіру кезінде өрт сөндіру автоцистернасы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының өрт сөндіруге су жеткізетін КАМАЗ (12 текше метр) су алды. Осы кезде жел бағытының өзгеруі салдарынан өрт автоцистернаға қарай аумақты шарпыды. Техникаға арналған эвакуациялау жолдары барлық жағынан отқа оранып, биіктігі екі метр қараған ағашы өртенді», — деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер жағдайды бағалап, өрт-техникалық қару-жарақты жинауды тоқтатып, шұғыл эвакуациялауға кірісті. Автоцистерна мен КАМАЗ су тасымалдаушы көлігі толығымен жанып кетті.

Ведомствоның хабарлауынша, нәтижесінде өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков пен өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаев, өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрлан Салимжан түрлі дәрежедегі күйік алып, Жарма ауданы Шар қалалық ауруханасына жатқызылды.

«Айдос қатты күйік алып, жарақатынан ауруханада көз жұмды. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Ерұланұлы Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылды», — деп жазады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Айдос 36 жаста еді. Азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап қызмет еткен. Оның артында әйелі мен 5 баласы қалды.
Ведомство хабарлағандай, өрт аумағы 500 гектарды құрады. Өрт 8 қыркүйекте түнде сөндірілді.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 14 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Добавить комментарий