Оливер Стоун «Qazaq. История Золотого человека» атты мақаласында Нұрсұлтан Назарбаевтан жеке басқа табыну туралы сұрады.
Қазақстан Тұңғыш Президентінің айтуынша, ол қызметте болған кезде тек Назарбаев Университетіне ғана өз атын беруге келісімін берді, бұл үкімет назарын оқу ордасына аударып, жастарды тарту үшін жасалды.
«Менің ойымша, қазір бұл посткеңестік елдер ішіндегі ең үздік университет, — деп пікір білдірді Нұрсұлтан Назарбаев. — Қазіргі ректор — Дүниежүзілік банктің бұрынғы вице-президенті Шигео Катсу»
Елбасы Қазақстандағы атын беруге қатысты басқа бастамалар туралы өз атын көшеге, мектептерге және өзге де нысандарға беруге қарсылығын бірнеше рет айтқанын еске салды.
«Мен Президент болғанымда, бұл сақталды. Қала атауын өзгертуге келер болсақ, бұл мәселе бұрыннан көтеріліп келеді. Бұл қала (…) соңғы 20 жылда тақыр даладан салынды. Ештеңе болған жоқ. Сіздің атыңызды бермегенде, басқа кімдікін береміз? Сіз әрбір бастаманың басында болдыңыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Режиссер Оливер Стоун Нұр-Сұлтан ҚР Тұңғыш Президентінің ең үлкен туындысы болды деп отыр.
«Ел де… және тәрбиеленіп шыққан жаңа буын да», — деп толықтырды Назарбаев.
2012 жылы Ермұхамет Ертісбаев (Президенттің кеңесшісі болғанда) «Қазақстанда жеке басқа табыну жоқ, ал Назарбаевтың халық арасында беделі зор» деп баса айтқан.