Ресейлік элита өкілдері өз қызметтерінен кетіп жатыр

Ресейдің Украина аумағындағы әрекеттері әлемдік экономиканың келешегін едәуір нашарлатты және ол осал елдерді рецессияға алып келуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, соғыс қимылдары тек Ресей мен Украинаға ғана емес, басқа да көптеген мемлекеттерге зиян келтіреді, ал әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адам Украина аумағындағы әскери іс-қимылдардан туындаған жағымсыз зардаптарды сезінеді.

«Ресей президенті өз империялық амбицияларына байланысты бұл қадамға бел буып отыр. Бұрын Ресей көшбасшысының империялық амбициясына ешкім күмән келтірмеген, бірақ Петербург халықаралық экономикалық форумының отырысында ол бұны кезекті рет айқын білдірді. Владимир Путин Кеңес Одағы — тарихи Ресейдің аумағы деп мәлімдеді. Осылайша, посткеңестік елдер сыртқы саясатын ортақ мүддеге сәйкес жүргізу керек екенін аңғартты!, — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар.

Атқарып отырған қызметінен кеткен бірқатар саясаткерлер Ресейдің әрекетін қате деп санайтынын мәлімдеді

Украинаға қатысты РФ президенті Киевтің Мәскеумен арадағы одақтастық және серіктестік қарым-қатынасты бұзғанын, бұл қос ел арасындағы қақтығысты ушықтырып жібергенін мәлімдеді.

«Украинадағы кең ауқымды соғыс — Путиннің жіберген қателігі, бұның салдары ресейліктердің келер ұрпақтарына тиеді. Ол Ресейді әлемдік экономикадан оқшаулаудан басқа ешнәрсе әкелмейді, сондай-ақ орыс халқы ауыр күндерді бастан өткереді. Қазір РФ жүргізіп жатқан арнайы операция деп аталатын соғыс барысында», — деп жазады Украина саясаттанушылар.

Атқарып отырған қызметінен кеткен бірқатар саясаткерлер Ресейдің әрекеттерін қате деп санайтынын мәлімдеді.

Атқарып отырған қызметінен кеткен бірқатар саясаткерлер Ресейдің әрекетін қате деп санайтынын мәлімдеді

Мәселен, Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің күйеу баласы Валентин Юмашев 22 жыл жұмыс істеген РФ президентінің кеңесшісі қызметінен кетті. Сондай-ақ, ресейлік саясаткер Анатолий Чубайс РФ президентінің халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі арнайы өкілі қызметінен отставкаға шығып, елден кетті.

Юмашев пен Чубайс дау-дамайсыз кетті, ал ресейлік дипломат Борис Бондарев тыныш қана кете салмады. Бондарев Ресей президентіне мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, ол «өз елі үшін ешқашан 24 ақпандағыдай ұялмағанын» мәлімдеді. The New York Times сайтына берген сұхбатында Бондарев қақтығыстың басталуына Владимир Путин ғана емес, Ресей СІМ де кінәлі екенін айтты. Оның айтуынша, оның бұрынғы әріптестері де Ресейдің Украинада тез жеңіске жететініне сенім білдірген.

Добавить комментарий