Қазақстанда азық-түлік картасын енгізу жоспарлануда

AMANAT партиясының мүшелері жағдайы төмен отбасыларға 2 мыңға жуық азық-түлік картасын енгізуді жақсы идея деп санайды.

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Кезектен тыс отырыста «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшелері азық-түлік бағасының өсімі проблемасын талқылады.

29 шілде мен 5 тамыз аралығында баға өзгерісін бақылап жүрген партияның мониторинг топтары 1747 нысанда 1126 рейд жүргізді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесі бойынша бағаның ең жоғары өсімі бес өңірде: Алматы және Нұр-сұлтан қалаларында, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.

«Жақында елорда әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін азық-түлік карточкаларын енгізетінін мәлімдеді. Бұл шара шамамен 160 мың адамды қамтиды. Карточкалар аз қамтылған азаматтарға азық-түлікті төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Бақыланбайтын инфляция жағдайында мұндай шара өте тиімді болуы мүмкін. Себебі, көмек атаулы болған соң, мемлекет қолдау оған аса мұқтаж адамдарға жасалады. Өзге өңірлер де Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі бойынша азық-түлік карточкаларын енгізуді ойластыруы тиіс», – деп атап өтті Аманжан Жамалов.

Партияның Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және сату тізбегіндегі делдалдар санын заң жүзінде екіге дейін шектеуді және көтерме жеткізушілер үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең жоғары сауда үстемесін 15% мөлшерінде бекітуді ұсынды. Сонымен қатар, партия тәжірибесі азық-түлік картасын енгізуге көмектесетінін жеткізді.

Добавить комментарий