Ресейлік дипломат Албаниядан шығарылды

2021 жылы 21 қаңтарда Албания ресейлік дипломат Алексей Кривошеевті нон грата тұлғасы деп жариялады. Алексей Кривошеевті коронавирус пандемиясына қарсы күресу үшін енгізілген карантиндік шектеулерді бұзды деген айып тағылды. Ресей елшілігінің дипломатиялық өкілі үш тәулік ішінде елден кетуі тиіс.

Егер мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар орнықты немесе жақсы және ұқсас құндылықтарға негізделген болса, онда бір жағынан, коронавирусқа қарсы шектеу шараларын бұзғаны үшін дипломатты нон грата тұлға деп жариялау ауыл толтырып айтарлық себеп болып табылмайды. Екінші жағынан, арадағы қарым-қатынас нашарлаған сайын, сенімсіздік те артады. Сондықтан, коронавирусқа қарсы бектіліген ережені бұзуы, дипломатты елден шығару үшін жақсы сылтау болды.

Әдетте, тәжірибе көрсеткендей, дипломатиялық өкілдерді елден шығарудың екі себебі бар: 1. Тыңшылық. 2. Мемлекеттік наразылықты көрсету. Әр түрлі дереккөздердегі мәліметтер бойынша, Кривошеев 20 сәуірден бері карантиндік шектеуді жүйелі түрде бұзып келген. Бірақ Албания үкіметі ұзақ уақыт бойы ешқандай шара қабылдамаған. Бәлкім, сабыры таусылған болар. Албания осындай қадам арқылы, ресейлік шенеуніктердің заң шеңберінен асып кетпеу керектігін көрсетіп отыр. Албания СІМ мұндай шешімді Ресей тарапы денсаулық пен қауіпсіздікті қорғау бойынша қажетті шара ретінде оң көзқараспен қабылдайтынына сенім білдірді. Албания сияқты көптеген елдер, елдің егемендігі мен заңына Ресейдің немқұрайлы қарайтынына жалыққаны байқалады.

Соңғы 3 жыл ішінде ресейлік дипломаттар әр түрлі мемлекеттерден жиі шығарылып жатыр- бұл қарым-қатынас жағдайының көрсеткіші. Ресей мен Еуроодақ елдері арасындағы қарым-қатынас соңғы уақытта жылдам қарқынмен нашарлап барады. Ресей үкіметі өзінің ықпалын басқа елдерге кеңейткісі келетіні соншалық, халықаралық жанжалдарға араласып келеді. Мысалы: Донбасс үстінде MH17 ұшағының апатқа ұшырауы, Ұлыбритания аумағында бұрынғы БББ қызметкері Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануы, орыстардың (РФ әскери барлау басшысы Игорь Костюков пен хакер Дмитрий Бадиннің) 2015 жылы бундестагтың компьютерлік желісін бұзудағы рөлі және т.б.

Жалғыз «Скрипаль» ісі бойынша ғана Ұлыбритания, АҚШ, ЕО елдерінен және басқа мемлекеттерден 160 ресейлік дипломат ел аумағынан шығарылды.

Қазіргі таңда көптеген елдер ресейлік дипломаттарды тыңшылық жасады, карантиндік шектеулерді бұзды және басқа да заңға қайшы әрекеттер жасады деп айыптап, елден шығарып жатыр. Ресей тарапы барлық айыптауды жоққа шығарады және өзінің дипломатиялық өкілдерін Ресей мен басқа мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастың нашарлауына бағытталған арандатушылық әрекеті деп атайды.

Добавить комментарий