Ресей үшін Херсонды басып алу Украина аумағындағы басты жеңістердің бірі ретінде қабылданды. БАҚ беттерінде Ресей Херсон облысында мәңгі қалатыны хабарланды. Ал Мәскеуде басып алынған Украинаның төрт өңірін, атап айтқанда Донецк, Луганск, Херсон, Запорожье облыстарының Ресей Федерациясының құрамына қосуға арналған ресми іс-шара өтті. Көп уақыт уақыт өтпей Херсон Украина Қарулы Күштерінің бақылауына өтті.
«Херсонды қайтарып алу Украинаның басты әскери және саяси мақсаттарының бірі болып қала берді. Сондықтан да қаланы Киевтің бақылауына өтуі Кремльдің осы соғыстағы кезекті ауыр әскери және саяси жеңілісі болды. Ресей әскерлері қаланы тастап кеткеннен кейін кейбір ресейлік БАҚ ресейлік элита өкілдері соғыстағы жеңіліске ұшырайтынына көзі жетіп, Путинге деген сенімі төмендегенін жазды. Кремльдің ресейлік медиа кеңістікте Херсон туралы кез келген жазбаны шығармауға тырысқаны таңқаларлық емес. Жеңілгендер өз сәтсіздіктері туралы айтқанды жөн көрмейді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың айтуынша, «Ресейлік пропагандистерге «Херсон» сөзін ұмытуға бұйырған.
«РФ билігі ақпараттық кеңістікті бақылауды күшейтуге тырысуда. Қазір ресейлік ақпараттық кеңістіктегі жаңалықтар Украинаның энергетикалық инфрақұрылымы бойынша жаппай зымыран шабуылдары жайлы болып отыр. Аталмыш шабуылдар миллиондаған адамды, жалпы алғанда бейбіт азаматтарды жарықсыз және сусыз өмір сүруге мәжбүр етуде. Сондай-ақ Ресей әскерлері Украинаның шығысында шабуылдарын күшейтті. Осылайша Кремль осы бағыттарда қандай да бір прогреске қол жеткізгісі келеді», — деп жазады саясаттанушылар.
Ресей әскерлері Херсоннан кеткеннен кейін қаланы тұрақты түрде атқылауда. Атыс алыс қашықтыққа арналған жауынгерлік артиллериямен жасалуда. Украина тарапы ұсынған түрлі деректер бойынша, 20 қарашадан бастап 24 қараша сағат 15:00 дейін Херсон аумағына ресейлік әскерилер атқан снаряд 62 түскен.Шабуылдан сегіз адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақат алды. Украиналық саясаттанушылар РФ өз елінің азаматтары деп таныған қаланың тұрғындарын атқылап жатыр дейді.