Қазақстанда жыл соңына дейін автогаз бағасы өзгермейді

Қазақстанда ағымдағы жылдың соңына дейін автогаз бағасы өзгермейтіні белгілі болды.

Еске салайық! Автогаз бағасын реттейтін қолданыстағы бұйрықтың мерзімі шілдеде аяқталады.

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін сұйытылған мұнай газ бағасын сақтауды көздейтін бұйрық жобасын ұсынды. Қаулы «Ашық НҚА» порталында жариялады.

Автогаз бағасын реттейтін қолданыстағы бұйрықтың мерзімі шілдеде аяқталады. Қазір автогаз бағасы:

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарында — литріне 70-75 теңге;

Алматыда — литріне 65 теңге;

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында — литріне 50-55 теңге;

Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Абай облыстарында — литріне 60-65 теңге.

Қазақстанда автогаз бағасы 2022 жылдың соңына дейін сақталады.

«ТМД нарығында бағаның күрт көтерілу қаупі бар, соның салдарынан халық арасында әлеуметтік шиеленіс туындауы мүмкін. Сондықтан автогаздың қазіргі бағасын биылғы жылдың соңына дейін ұзарту ұсынылады», — делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің хабарламасында.

Добавить комментарий