Ресейлік БАҚ Қазақстанда латын әліпбиіне көшіруге байланысты жүзеге асырылып жатқан тіл реформасын сынға алды. Қазақстандағы тіл реформасына қатысты дау-дамай Ресей қоғамында басылғанда, ҚР-да тіл мәселесіне байланысты жаңа жағдайлар қайтадан ресейлік саясаткерлер мен БАҚ-тың наразылығын тудырды.
Қазақстанның ірі қалаларында ұлтшылдармен тілдік патрульді ұйымдастырды. Олар дүкендерді, кеңселерді, мемлекеттік мекемелерді аралап, тақтайшалар мен баға белгілердің қазақ тіліне дұрыс аударылғанын тексереді, сондай-ақ олардан дөрекі түрде, кемсітіп қазақ тілінде сөйлеуді талап етеді. Артынан рейдте түсірілген видеоларды интернетке жариялайды.
Бұл жағдай орыс тілінде сөйлейтін ортаның ғана емес, ресейлік саясаткерлердің де шамына тиді. Федерация Кеңесінің вице-спикері Константин Косачев Қазақстан билігі «осы беймәлім акцияларға шара қолдануы керек» деп мәлімдеді. Ресей ІІМ аталған акцияларды ұйымдастырушы Қуат Ахметовтың елге кіруіне 50 жылға тыйым салды.
Өз кезегінде ресейлік БАҚ-та «тілдік патрульдердің» алауыздықты өршітетін видеоларын қызу талқылай бастады. Ресейлік БАҚ мұндай ақпаратты Қазақстанның имиджіне нұқсан келтіреді, деп есептейді батыстық саясаттанушылар.