Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 1992 жылы құрылды. Бұл өңірлік халықаралық ұйымның мақсаты «бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту». «Көптеген сарапшылар Ресейдің басты мақсаты Орталық Азия мемлекеттері үшін қауіпсіздікке кепілдік бермеу екенін, ал ҰҚШҰ-ның көмегімен аталған елдерге ықпал ету мүмкіндігіне ие болу, осылайша белгілі бір геосаяси мүдделерін қанағаттандыру екенін бірнеше мәрте атап өткен», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
Мәселен, АҚШ әскерлері Ауғанстаннан кеткенде, Ресейге Орталық Азия елдеріне өз әскерилерін жіберуге таптырмас сылтау болды. Ол кезде Ресей белсенді түрде «Ауғанстан «жермен-жексен болатынын» айтып, елден барлық босқындар мен лаңкестер — Орталық Азияға ағылып келеді», бұл аймақтағы лаңкестік әрекеттерді қоздыруы мүмкін деп қорқытқан.
Ресейлік әскери сарапшылар ОА елдерінің ешқайсысы сын-қатерлерге қарсы тұра алмайтынын айтқан.
Мәселен, әскери сарапшы Алексей Леонков ОА елдерінің әскерлері «Талибан» содырларымен бетпе-бет қақтығысатын болса тойтарыс бере алмайтынын мәлімдеді.
«Қазір ОА мемлекеттері Ресей әскерінің ресейлік саясаткерлер айтқандай қуатты емес екеніне көз жеткізді. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей армиясы өзінің әлсіз тұстарын көрсетті- жүйелі стратегиялық қателіктер, нашар логистика, адам шығындары, көп мөлшерде техникаларын жоғалтты. Жоғарыда айтылғандардың барлығы Орталық Азия аймағындағы елдерді Ресейдің «қорғаушы» деген мәртебесіне қайта қарауға мәжбүр етеді. Бәлкім, Орталық Азия мемлекеттері Ресейдің қатысуынсыз өңірддегі мәселелерді өз бетінше шешуге әрекет ету керек шығар. Бұл оларға Ресейдің ықпалын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.