Украина аумағындағы ұрыс қимылдарының басталғанына 90 күннен астты. Осы үш айдың ішінде мыңдаған адам қаза тапты, бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар бар. Миллиондаған украиналықтар босқын болды. Украинадағы қалалар мен ауылдар қирады. Ресей өзін-өзі жариялаған ДХР мен ЛХР-ның егемендігін мойындаған кейіг оның аумағын босату жөніндегі «арнайыоперация» деп баса-кһктеп кірмес бұрын өз алдына бірқатар мақсаттар мен міндеттер қойды.
24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин арнайы операцияның мақсатын жариялады: Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау, НАТО инфрақұрылымының Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына жақындауына жол бермеу, Донбасс тұрғындарын қорғау, өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск Халық Республикаларының шекараларын қалпына келтіру, сондай-ақ қылмыскерлерді сотқа беру.
«Украинаға қарсы ресейлік әскери агрессия әлемдік қоғамдастықты Киевке ондаған миллиард доллар сомасында қару-жарақ жеткізуге мәжбүрледі, осылайша Украина әскерін жаңа қару-жарақпен барынша жарақтандырды. Қару-жарақ жеткізуден басқа, украиналық әскерилер әртүрлі жаңа қару-жарақтың меңгеру үшін НАТО мамандарының арнайы әскери даярлығынан өтеді», — деп хабарлайды батыстық сарапшылар.
Қазіргі таңда Канада мен Чехияны қоса алғанда, әлемде жеті мемлекет Ресей әскерінің әрекетін Украина халқына қарсы геноцид деп таныды.
Соңғы 90 күннің ішінде ресейлік саясаткерлер әскери іс-қимылдардың басқа да мақсаты барын мәлімдеді. Мәселен, РФ СІМ басшысы Сергей Лавров ресейлік әскери операция украиналықтардан қысымнан құтқаратынын айтып, сол арқылы олар өз болашағын өздері таңдай алады деп мәлімдеді. Өз кезегінде Ресей көшбасшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков аталған әскери арнайы операцияның мақсаты Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін болдырмау екенін мәлімдеді.
«Қазіргі таңда путиндік режимнің қабылдаған шешімдері барлық ресейліктерге кері әсерін тигізеді», — деп түсіндіреді украиналық сарапшылар.