Сарапшылар Украинадағы Ресей армиясының шығындары туралы мәлімдеді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-44443-1670957088-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Украинадағы соғыс қимылдары қарқынды түрде жалғасуда. Украинаның Қарулы күштері Украина аумағының бір бөлігін өз бақылауына алды. Батыстық сарапшылар қазіргі таңда стратегиялық және тактикалық басымдық УҚК-ның қолында деп мәлімдейді.

Украиналық сарапшылар «статистика бойынша, бұл соғыста қаза таппқан ресейлік сарбаздардың саны екінші дүниежүзілік соғыстан кейін соғыстардағы көрсеткіштен асып түседі» деп мәлімдеді.

Бүгінде украиндық БАҚ-та жарияланған статистика бойынша Ресей Федерациясы тарапынан соғысқа кем дегенде 500 000 адам қатысып жатыр. Украиналық барлау өызметінің мәліметі бойынша Ресейде желтоқсан айында жасырын жұмылдырудың кезекті толқыны басталады.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың мәлімдеуінше, Украинаға қарсы соғысқа мобилизацияланған 300 мың ресейліктерден 8 мың түрлі әскери экипаж құрылған. «Осылайша Ресей армиясында құрбандар саны жоғары қарқынмен артатыны анық. Осындай қысқа мерзім ішінде осындай адамдарды даярау және барлық жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Әсіресе, Ресей армиясындағы туындаған проблемалар кері әсер етеді.

  1. Тамыры жайылған жемқорлық. Мобилизацияланған ресейліктерді көбінесе барлық қажетті — амунициямен, оқ-дәрілермен, броньды кеудешемен, азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Олар өз қалтасынан ақша шығарып, қажетті жабдықтардың бір бөлігін сатып алуға мәжбүр.
  2. Соғыстың алғашқы 6 айында жауынгерлік қабілетті бар әскердің бір бөлігі жер жастанды. Қатардағы сарбаздардан бөлек РФ әскерінің орта және кіші буындағы офицерлері орасан зор шығынға ұшырады. Сарапшылардың айтуынша, взводтар мен ротадағы тәжірибелі командирлерінің жетіспеушілігі жауынгерлік рухтың төмендеуіне және тәртіптің нашарлауына, тактикалық іс-қимылдар деңгейінің төмендеуіне және т.б. алып келді.

Жоғарыда айтылғандардан басқа түрлі дереккөздерде көптеген ресейлік сарбаздар соғыс уақытында ротацияға бірде-бір рет бармағаны, «соғыс қимылдарына қатысқаны» үшін төлемдер кешіктіріліп жатыр, сондай-ақ сарбаздар мен еріктілердің бір бөлігі жарақат алғаны үшін өтемақыдан айырылды. Осының бәрі тек ерік-жігер мен әскери тәртіп проблемаларын арттырады, — деп жазады киевтік сарапшылар.

Соғысты зерттеу институтының сарапшылары ресейлік әскерилер батальондық-тактикалық топтар концепциядан бас тартқан соң, моральдық рухы мен тәртібі төмен, нашар даярланған, жабдықталған және ұйымдастырылған уақытша құрылымдарға сенім артуға мәжбүр екенін айтып отыр. Бұған дейін британдық барлау агенттігі олардың ааталған концепциядан бас тартуға тура келгенін хабарлаған болатын.

«Путин империялық амбициясы үшін бастаған соғыста жеңіске жетуге үмітті және ресейліктердің бағалы өмірін құрбан етуге дайын», — деп жазады өз есімдерін атамаған сарапшылар.

Добавить комментарий