2022 жылы жазда Ресей Германияның газ нарығына жеткізуді қысқартты, ал тамыз айында газ жеткізуді толықтай тоқтатты. Осыдан кейін Еуропалық Одаққа мүше басқа елдер де ресейлік газдан бас тарта бастады. Ресейдің энергетикалық бопсалауы Кремльдің көмірсутектерінен бас тарту процесін жеделдетті. Ресейлік пропагандисттер қыс суық болатынын алға тартып, Еуропа қақаған аязда жылусыз қалады деп топшылаған. Бірақ Германия ресейлік газсыз өмір сүруге болатынын және энергетикалық жүйеде коллапс болмайтынын көрсетті.
Еуропа 2023 жылдың басында қыс жылы болды, ал желтоқсанда қақаған аяз бола қоймады. Германияда орташа ауа температурасы 10-12 градусқа дейін көтеріледі, әзірге күн суытпайды деп күтіледі. Ел бойынша кейбір үйлер от жағуды тоқтатты. Елде газ тұтыну көлемі 2018-2021 жылдардағы орташа көрсеткіштен 18,2 пайызға төмен. Бұл көрсеткіш қысқы демалыс кезінде, яғни көптеген адамдар шетелге демалуға кетіп, фирмалар мерекелерге жабылғанда өсуі екіталай.
Осылайша қыстың бірінші айы аяқталды, ал Германиядағы жерасты газ қоймалары 91 пайызға толып тұр. INES неміс жерасты газ және сутек сақтау қоймалары операторлары бірлестігінің басшысы Себастиан Хайнерман ЖГҚ-дағы газ қоры қыстың қалған екі айында елдің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті екенін, өйткені қоймаларда сақталған газ деңгейі әдеттегі көрсеткіштерден едәуір жоғары екенін атап өтті.
Германия сұйытылған табиғи газды сенімді жеткізуші екенін көрсетті, сондай-ақ Норвегиядан табиғи газ импорты бойынша жаңа ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты. Берлин қысқа мерзім ішінде ресейлік газдан қалай бас тартуға болатынын көрсетті. Жаһандық жылынудың арқасында Еуропада қыс жылы өтіп жатыр, жылдың суық айларында үйлерде жылуды сақтау үшін отынды аз қолдануда. Оның үстіне заманауи технологиялар минималды тұтыну қуаттылығы арқылы барынша энергия тиімділігін алуға мүмкіндік береді.
Желілер бойынша Федералдық агенттіктің басшысы Клаус Мюллер да оптимистік пікірде, ол ақпан айында бірнеше апта күн суытатынына қарамастан елде энергетикалық дағдарыс туындамайды деп есептейді. Алайда ол президент Владимир Путиннің ықтимал әрекеті күтпеген жағдайға алып келуі мүмкін екенін атап өтті.
«Егер ол, мәселен, Аустрия мен Мажарстанды газбен жабдықтауды тоқтатса, біз оларға еуропалық ынтымақтастық аясында көмек көрсетеміз», — деп түсіндіреді Мюллер. GIE газ инфрақұрылымы операторларының еуропалық бірлестігі порталының деректері бойынша, қазіргі уақытта Аустрия мен Мажарстанның ЖГҚ сәйсінше 92 және 88 пайызға толған. Путин ресейлік газды еуропалық елдерге жеткізуге тыйым салуы мүмкін сценарийді елестету қиын. Клаус Мюллер Еуропадағы су асты газ құбырларындағы ықтимал диверсияларды және Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуін, газ нарығындағы алаңдаушылық пен СТГ бағасының өсуі секілді ықтимал қауіптерді атады.
Еуропа елдері энергетика нарығындағы қалыптасқан жағдайға бейімделді. Ресей Еуроодаққа қарсы агрессивті түрде боспалап, өзін сенімсіз жеткізуші ретінде көрсетті. Германияның мысалы пропагандисттердің Еуропа ресейлік газсыз қақаған қыста жылусыз үсіп қалады деген сөздерін жоққа шығарды.