Қорғаныс министрлігі әскерді арнайы құралдармен жабдықтау туралы бұйрық шығарды

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ведомство «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қарулануында тұрған және пайдаланатын арнайы құралдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрық шығарғанын хабарлады.

Арнайы құралдар тізбесіне:

Соққыға қарсы (қорғау) қалқан.

Металл қол кісендері.

Көзді жасаурататын газ бар баллон

Арнайы таяқ.

Қорғау қалқандарының жиынтығы.

Өлімге әкелмейтін қару (жарақаттайтын патрондармен)

Байланыс жүйесімен алмалы-салмалы қайырмасы бар соққыға қарсы қорғау дулығалары

Әртүрлі қорғау деңгейіндегі броньды кеудеше

Жарық-дыбысты гранаталар

Көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтауға арналған құрылғылар.

Үй-жайларды ашуға арналған құрылғылар.

Электрмен естен тандыру құрылғылары.

Арнайы дауыс зорайтқыш құрылғылар.

Қызметтік иттер.

Қашықтықтан әрекет ететін акустикалық құрылғы.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында 21 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

 

Добавить комментарий