Путин 1999 жылдан бері Ресей Федерациясын басқарып келеді. Осы жылдар ішінде Ресей экономикасы стагнациядан шыға алмай келеді. Ресей билігі елді қалай өркендету керектігін әлі де шеше алмады.
Путиндік режимнің басында Ресей дефолтқа, экономикалық құлдырауға, рубльдің құнсыздануына және табыстың құлдырауына айналған дағдарыстан құтылған. Қазіргі уақытта Ресей билігі агрессивті сыртқы саясат жүргізуде. Осының есебінен Еуропа мен АҚШ тарапынан санкцияларға ұшырауда. Бұл санкциялардың барлығы Ресей экономикасына және тиісінше халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізеді.
Бірақ Кремль экономиканы тығырықтан шығаруға асықпайды. Оның орнына, осы жылдар ішінде РФ БР-дан әскери-саяси қолдау алу және оларға ықпалын кеңейту үшін, Беларуське миллиардтаған доллар қаражат бөлді. Кремль көршісін нағыз тәуелсіздігі мен егемендігінен айыру үшін бар күш-жігерін салуда. Бұған мысал ретінде, Лукашенконы қолдауын айтуға болады.
Беларусь президент сайлауының қорытындысы бойынша Лукашенко жеңіске жетіп, елде жаппай наразылық шаралары басталды. Шерушілер қазіргі президенттің отставкаға кетуін талап етуде. Мемлекет басшысы бейбіт шерулерді басу үшін күш құрылымдарын пайдаланды. Еуроодақ елдері мен АҚШ мұндай амалдарды сынға алып, наразылық білдірушілерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.
Сол сәтте Путин Беларусь басшысына тағы да көмек қолын созды. Ресей Федерациясының Беларусьпен одан әрі ынтымақтастықты қалайтыны жасырын емес. Егер елдер арасындағы интеграция артса, онда РФ одан да зор ықпалға ие болады. Президенттік додаға дейін Лукашенко мұндай интеграцияға қарсы болған. Ол БР-ның іс жүзінде Ресей құрамындағы автономды республикалардың біріне айналуы мүмкін екенін түсінген.
Бірақ екі елдің көшбасшылары арасындағы кездесуден кейін БР Кремльден несие алатыны белгілі болды. 1 млрд доллар көлемінде. Саясаттанушылардың пікірінше, осы ақшаның көмегімен Лукашенко билікте қалуға тырысады.
Ресей БР-ны қарызға белшесінен батырып отыр. Лукашенко бұл ақшаны алу үшін не деп уәде бергені жұмбақ күйінде қалып отыр. Ресей билігі тек бақылау мен ықпал етуді қалайтын сыңайлы. Оларға елдің экономикасы төменге кетіп жатқаны, Ресейге қарсы санкциялар қолданылып жатқаны маңызды емес. РФ экономикасы үлкен жылдамықпен құлдырауда, ал онымен бірге Беларусь экономикасы тығырыққа тірелді.