Ресейде жасөспірімдерге арналған вакцина тіркелді

Ресей жасөспірімдерге арналған коронавирустық инфекциясына қарсы вакциналауға «Спутник-М» препаратын тіркеу процесінің аяқталғанын жариялады.

Екпені 12-17 жас аралығындағы науқастарға салынады.

Ресейде жасөспірімдеоге коронавирусқа қарсы екпе тек ата-анасы рұқсат берген жағдайда немесе 15 жастан асқан баланың өз қалауымен салынады, бұл туралы РФ вице-премьері Татьяна Голикова мәлімдеді.

«Жасөспірімдерге профилактикалық екпе 15 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің ақпараттандырылған ерікті келісімінен кейін салынады. Немесе 15 жастан асқан кәмелетке толмаған баланың өз қалауымен салынатын болады», — деді ол РФ президентінің кеңесінде.

 

Добавить комментарий