Ресейде жас ұрпақты тәрбиелеу қолға алынды

«Ресей президенті Владимир Путин Украинаға кең ауқымды соғыс бастағаннан кейін Кремль пропагандасында шұғыл жауабын табу керек сұрақ тұрды, бұл — ресейлік жастармен не істеу керек? Ресейлік жас буынды президенттің қызметі мен оның ішкі және сыртқы саясатының бағытын қолдауы үшін не істесе болады деген мәселе туындады. Қарапайым тілмен айтқанда, РФ-ның пропаганда машина жастарды Украинамен соғысты сыртқы аренадағы жалғыз шешім деп және Путин режимінің азаматтардың құқығы мен бостандығына қысым жасау ел ішіндегі оқиғалардың жалғыз даму жолы деп құптайтындай ету керек», — деп жазады батыстық саясаттанушылар Ресейде жастармен белсенді жұмыс істей бастағанын атап өтіп.

Ресейлік жас буын ақпаратты көбінесе интернеттен оқиды. Көбісі шет тілдерін меңгерген, жастардың басым бөлігі шетелде болған. Батыстық саясаттанушылардың пікірінше, бұл ресейлік жастардың президент Путинді қолдамауына түрткі болуы мүмкін.

«Түрлі әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері жоғарыда айтылғандарды айқын көрсетіп отыр. Соғысты ең көп қолдайтын ресейліктердің аға буыны үкіметтің қызметін мақұлдап отыр. 18-24 жас аралығындағы жастар барынша аз қолдау көрсетуде», — деп мәлімдейді сарапшылар. Соғысты, үкіметтің қызметтін ең көп қолдайтындер ресейліктердің аға буыны, олар жаңалықты көгілдір экраннан көріп отырады.

Фото: Ресейде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған бірқатар іс-шараларды енгізуде

Олардың пікірінше, Ресей үкіметі жас буынмен «тіл табысуға» тырысып жатыр. Қыркүйек айынан бастап ресейлік мектептерде «Маңызды әңгіме» деген жаңа пән енгізілді. Бұл Ресейдің әрбір мектебі мен әрбір колледжінде оқытылатын міндетті сабақтан тыс пән. Аталған пәнде Украина аумағындағы соғыс қимылдарына арнлаған арналған жеке блок бар.

Оның мақсаты балаларға ресейлік әскерилерді батыр қылып көрсету, ал өзін-өзі жариялаған ДХР және ЛХР-да Ресейдің көмегіне мұқтаж «орыстар» тұрып жатқанын түсіндіру.

Сондай-ақ, РФ-да жаңа жастар қозғалысын құру туралы заң қабылданды. Оның мақсаты «балаларда дәстүрлі құндылықтар негізінде дүниетанымды қалыптастыру» деп аталды. Осылайша, Ресей үкіметі «балалар мен жастарды тәрбиелеудің бірыңғай саясатын» кезең-кезеңмен құруды қолға алды.

Фото: Ресейде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған бірқатар іс-шараларды енгізуде

Ресейде Украинадағы соғыс туралы курс бойынша жаңа мектеп бағдарламасы бекітілді. Бағдарламада оқушылар Украинадағы «2014 жылғы мемлекеттік төңкеріс», «Қырым мен Севастопольдің Ресейге қосылуы», «ДХР мен ЛХР-ді гуманитарлық қолдау», сондай-ақ «арнайы әскери операция» және одан кейінгі «АҚШ пен оның одақтастарының санкциялары» сияқты тақырыптарды зерделейді.

Ресейдің жоғары оқу орындары да назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, Ресей Білім және ғылым министрлігі тарих оқытпайтын мамандықтар мен дайындық бағыттары үшін Ресей тарихын оқыту тұжырымдамасын бекітті. Бұл тарих курсы Украина аумағында соғыс қимылдарын жүргізу кезеңін қамтиды. Онда Ресей әскерлерін жіберу мәжбүр болғаны, себебі Украинаның саяси басшылығы елде «Ресейге қарсы» жүргізген және т.б. айтылған.

РФ Үкіметі жастардың елдегі және әлемдегі жағдайға «дұрыс және қажетті» көзқарастарын қалыптастыру үшін барлық жағдайды жасауда.

 

Добавить комментарий