Украиналық БАҚ-тың Telegram-да жариялаған ақпаратына сәйкес, 26 мамырға қараған түнде Ресейдің Краснодар қаласының орталығында бірнеше жарылыс болды. Краснодар тұрғындары таңғы сағат 4 шамасында қала орталығынан кем дегенде екі жарылысты естігенін айтып отыр.
Басылымның мәліметінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі (ӘШҚ) ұшқышсыз ұшу аппараттары қалаға шабуыл жасағаннан кейін іске қосылған.
Куәгерлер жарылыс алдында ұшып бара жатқан ұшқышсыз ұшу аппаратына (ҰҰА) ұқсас дауыс естіген.
Еске сала кетейік, Ресей Федерациясы Ростов облысының губернаторы Василий Голубев 25 мамыр күні кешкісін ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери әуеайлақ орналасқан Морозовск ауданында украиналық зымыранды атып түсіргенін мәлімдеді.