Ресейде тағы бір қойма өртенді. Бұл жолы Краснодар өлкесіндегі қойма отқа оранды.
Краснодардың Пригородная көшесіндегі қоймада шыққан өрт туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша 18: 01-де келіп түсті.
Хабарламада айтылғандай, қызыл жалын 18:41-де оқшауланды.
Қызыл жалынмен арпалысуға Ресейдің Краснодар өлкесі бойынша ТЖМ 48 қызметкері мен 15 бірлік техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік! Бұған дейін Санкт-Петербургтің Калинин ауданында алаңы 3,5 мың шаршы метр қойма ғимаратында өрт шыққан болатын.
9 шілде күні Ивановода, Генкина алаңы маңында өрт шыққан. Аталған қоймада бор мен цемент секілді тыңайтқыштар мен құрғақ құрылыс қоспалары сақталған. Өрт алаңы 400 шаршы метр жерді шарпыды.