Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Өзбекстанның бес азаматшасы тұтұындалды

13 мая 08:23 / Опубликовано в Оқиғалар

Түркістан облысындағы полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен бес шетелдік азаматшаны ұстады.

«Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне 12 мамыр күні күндізгі уақытта жергілікті тұрғын шағымданып, екі әйелге алданғанын, олар гипноз арқылы көз алдында алтындарын жымқырып кеткенін айтып, жеткізді. Егде жастағы әйелдің айтуынша, оның үйіне өзге ұлтты екі әйел келген. Олар жәбірленушіге үйіңде дуа бар, соны тазалап береміз деген желеумен өздерінің тазалау әрекеттерін жасап, осы аралықта тұрғынның алтын алқасын, саусағындағы алтын сақинасы мен 100 мың теңгеден астам ақшасын алдау жолымен әкетіп қалған», — делінген жұма күні таратылған хабарламада.

Олар кеткен бойда есін жинаған әйел бірден полицияға хабарласып, алаяқтарды ұстауға көмектесуін сұрайды.

«Жолдарды патрульдеп жүрген Түркістан облысының патрульдік полиция қызметкерлері аталған күдіктілер мінген Lada Priora көлігінің ізіне түсті. Жарты сағаттай жүріп, көлікті тауып, соңынан қуып жетіп, тоқтатты. Ал көлік ішіндегі әйелдер полицейлерді көрген бетте қаша жөнелген. Полицейлер бірден әрқайсысы әр жаққа қашқан әйелдерді түгелімен ұстады. Аталған күдікті екі әйелден алаяқтық жолмен алынған алтындар мен ақша айғақты зат ретінде алынды», — делінген хабарламада.

Патрульдік полицейлер көлікте болған бес әйелді полицияға жеткізді. Олардың жеке басын тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының тұрғындары екендігі анықталды.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Екі күдікті қамауға алынды, полиция олардың басқа да алаяқтық істеріне қатыстылығын тексеруде.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: алаяқтық, полиция, Түркістан облысы, ұсталды

Читать ещё

120 тоннадан астам темір рудасы Қытайға заңсыз сатылды
Марқұмның әйелі әкімдік қызметкерін айыптауда
Атырау облысында келіншек мысықтарды асып қойған: бұл оны тыныштандырған

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Молдова Украина-Ресей қақтығысында бейтараптықты сақтайды

    Молдавия Премьер-Министрі Украина аумағында оры...
  • Қазақстандық адасып кетіп, екі күн бойы Түркістан облысындағы шөл далада жүрген

    Қазақстандық адасып кетіп, екі күн бойы Түркіст...
  • ҚР-да 35 мыңға жуық ресейлік ЖСН алды

    Ресейліктер қазақстандық Халыққа қызмет көрсету...
  • Қазақстанда алдағы үш тәулікте бұршақ және қатты жаңбыр жауады

    Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда қатты ж...
  • Тәжікстанда терроризмге қарсы арнайы операция басталды

    Тәжікстан ІІМ елдің шығысында терроризмге қарсы...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: