Ставрополь өлкесінде МИ-2 тікұшағы құлады. Оқиға салдарынан ешкім қаза таппағаны хабарланды.
Өрт сөндірушілер тікұшақ құлаған жерде шыққан ашық отты сөндірді.
Хабарланғандай, «Ми-2 тікұшағы Предгорный округіндегі ферманың аумағында апатқа ұшырады».
Тікұшақ жерге құлағаннан кейін жанып кетті. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу тіркелмеген.
Предгорный округінің әкімшілігі қолайсыз ауа райына байланысты Ми-2 шұғыл қонуға мәжбүр болғанын хабарлады.
«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», — делінген ашық ақпарат көздерінде.
ТЖМ Ставрополь өлкесі бойынша бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, тікұшақ апаты Предгорный округінің 1,5 шақырым қашықтықта орын алған. Құтқарушылар алдын ала ақпарат бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.