Қарағандыда шахтада жарылыс болды: 6 адам қаза тапты

Қарағанды облысында метан шығуы орын алып, адамдар қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«7 қараша сағат 09:30-да Қарағанды облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Абай қаласындағы Абай шахтасында К10 желдету штрегіне метан газы тарағаны туралы ақпарат келіп түсті, іште шамамен сегіз адам қалды, деп хабарлады жексенбі күні ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ол оқиға орнына дереу Қарағанды облысы ТЖД және КӘАҚҚ ОШ бөлімшесінің құтқарушылар мен арнайы қызметкерлер мен техникалар шыққанын хабарлады.

«Мән-жайы мен себептері анықталуда. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия бара жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша шахтада барлығы 64 жұмысшы болған. 3-К10 кенжарында 8 қызметкер бар (ақпарат нақтыланып жатыр). Кенжардағы 8 қызметкердің 6-уы қаза болды, екі қызметкер жарақат алған (олардың да жағдайы нақтыланып жатыр). Қазір зардап шеккен кеншілерді шахтадан жер бетіне алып шығу жұмыстары жүріп жатыр», — деп толықтырды Уәли.

ТЖ-ны жоюға «КӘАҚҚ республикалық орталық штабы» ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 бірлік техника) күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Добавить комментарий