Ресейде белгілі жазушыға қарсы қылмыстық іс қозғалды

Ресей ТК белгілі жазушы Борис Акунинге (Григорий Чхартишвили) Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратқан және терроризмді ақтаған деген айып бойынша қылмыстық қудалауды бастады.

Тергеу мәліметі бойынша, Акунин Ресей Қылмыстық кодексінің 205.2-бабы (терроризмді ақтау) және 207.3-бабына (Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің әрекеттері туралы көрінеу жалған ақпарат тарату) сәйкес айып тағылды. Ведомство оған іздеу салынатынын жариялады.

Жазушы 13 желтоқсанда ресейлік блогерлермен әңгімелесу кезінде Украина Ресей қалаларына шабуыл жасау үшін дрондарды пайдалануға құқылы екенін мәлімдегеннен кейін оған қатысты тергеу басталды. Осылай деп мәлімдеуіне байланысты оның кітаптарын Ресейде сату тоқтатылды.

Борис Акунин 2014 жылдан бері Лондонда тұрып келеді, ол Ресейдің Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына қарсы екенін білдіріп, Кремльдің ресми ұстанымына қайшы келді.

Добавить комментарий