Ресейдің Украина аумағына баса көктеп кіруі салдарынан халық саны күрт қысқарды, оның ішінде қазіргі уақытта Мәскеу бақылауындағы аумақтарда халық саны едәуір азайды.
«Басып алынған аумақтарды Ресейдің жері қылу үшін Ресейден, Беларусьтен, Қазақстаннан адамдарды шақырып, оларды қираған украин қалаларына қоныстандырып жатыр», — деп жазады саясаттану саласындағы сарапшылар.
Шығыс Украина аумақтарының Мәскеудің бақылауына өтуі жергілікті елді-мекендерде Ресейге теріс көзқарасты тудырды, деп есептейді олар Донбасста қалған украиндықтардың басым бөлігі Украинаның арнайы қызметімен ынтымақтастық орнатқан деп санайды.
Украинаның бақылауындағы аумақтарда «Запорожская целина» бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Бұл туралы ұлттық телемарафон эфирінде Мелитопольдің бұрынғы басшысы Иван Федоров айтты. Ол Мәскеу «РФ азаматтарын уақытша басып алынған аумаққа жаппай көшірмек, бүгінгі таңда олар уақытша басып алынған аумақтарға келу үшін түрлі елдерден, тіпті Қазақстан мен Беларусьтан да азаматтарды іздестіріп» жатқанын атап өтті.
Қарсылық көрсету — ресейліктер бетпе-бет келіп отырған бір ғана мәселе. Жаулап алынған украиналық елді мекендерде барлық салаларда жұмысшылар жетіспейді. Украиндықтар жұмыс істеуден бас тартуда, ал жұмыс істеуге келіскендер саны аз. Медицина мен құрылыста аса өткiр жетiспеушiлiк байқалады.
«Кремльге Донбасстағы халыққа қолдау көрсету қажет. Бағдарлама Ресейдегі президент сайлауы алдында ресейліктерді соғысты жалғастыру қажеттігіне сендіру үшін арнайы өткізіліп жатыр. Путин үшін басып алынған аумақтарда сайлау пункттерінде дауыс берушілер саны барынша көп болғаны және барлығы оған дауыс бергені ерекше маңызды», — деп жазады саясаттанушылар.
Олар УҚК-ны қоныс аударған адамдарды «әскери нысан» ретінде қарастыратынын, өйткені олардың келуі соғыс кезінде шекарадан өту регламентін бұзу болып табылатынын атап өтті. Мәскеу тағайындаған басшылыққа шабуыл және үнемі атыстар мұндай елді мекендерде тұрудың қаншалықты қауіпсіз екенін көрсетеді.
«Қалалар мен ауылдарда жергілікті тұрғындар ешқайда кетпей тұра беруі мүмкін, себебі олардың үйі осында. Бірақ ресейліктер мен шетелдіктер тәуекелге барып, басқа жерге көшуі ақылға қонымсыз шешім, бұл олар үшін қайғылы аяқталуы мұмкін», — деп жазады саяси технологтар.