Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін кім газбен қамтамасыз етеді

Қазақстанның Энергетика министрлігі еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың екі нұсқасын пысықтап жатыр.

Оның біріншісі — Ресей арқылы газдандыру. Бүгінгі таңда Энергетика министрлігі әкімдіктермен бірлесіп газдандыру нұсқаларын қарастыру үшін тұтынудың шамамен алғандағы тұтыну көлемін анықтап, ресейлік тарапқа жіберді.

ұзындығы шамамен 1 000 км «Барнауыл – Рубцов – Семей – Өскемен Павлодар қаласында тармақталуы;

ұзындығы шамамен 644 км «Есіл – Петропавл – Көкшетау – Нұр-Сұлтан.

Бүгінгі таңда ресейлік тарап есептеулер жүргізуде, оның нәтижесін биылғы екінші тоқсанда алуды күтіп отырмыз. Сондай-ақ біз шығыс мен солтүстік өңірлерді Ресей Федерациясынан сұйытылған табиғи газды жеткізу арқылы газдандыру нұсқасын зерттеудеміз. Ол үшін компримирлеу мен қайта газдандырудың тиісті инфрақұрылымын салу және құрылысқа тиісті инвестициялар салу талап етілетінін атап өткен жөн, — дейді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Баламалы нұсқа — «Сарыарқа» магистральдық газ құбырынан газ беру.

Қазіргі таңда «АстанаГаз ҚМГ» АҚ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды көздейтін «Сарыарқа» МГҚ-ның 2-3-кезеңдерін салу бойынша техникалық-экономикалық негіздемені түзетті. Мемлекеттік сараптаманы алу мерзімі – биылғы маусым.

Министрдің айтуынша, материалдардың қымбаттауын ескере отырып, магистральдық газ құбырының ІІ-ІІІ кезеңдері құрылысының сметалық құны 165 млрд теңгені құрайды.

«Сарыарқа» МГҚ бірінші кезеңінің құрылысы 2019 жылы аяқталды. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысының әкімдіктері газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізуде.

Добавить комментарий