Батыс сарапшылары Ресей президенті Владимир Путин ұзаққа жалғасатын соғысқа дайындалып жатқанын бірнеше мәрте айтқан. «Бұған біріншіден, Ресей президентінің соғыс жүргізу тәсілдерін өзгертуі дәлел. Екіншіден, оның Киев «жаңа аумақтық» ескеретін болса ғана, Украина төңірегіндегі жағдай бойынша диалогқа дайын екені туралы айтқан сөзі, — деп түсіндіреді саясаттанушылар.
Саяси технологиялар саласындағы сарапшылар өз тұжырымдарын дәлелі ретінде былай деп жазады:
«1. Ресей Қарулы күштерді ұлғайту бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күш-жігерін арттыруда. Мәселен, Ресей президенті келесі үш жылдың ішінде РФ әскерін 1,5 млн-ға дейін көбейтуді тапсырды. Сондай-ақ, Ресей билігі әскерге шақыру жасын көтеру туралы шешім қабылдады — 30 жасқа дейінгі азаматтарды әскерге шақыру көктемде қолға алынады.
- Қазіргі таңда мобилизацияланған ресейліктер Ресей аумағында және олардың басты одақтасы Беларусь аумағында әскери даярлықтан өтіп жатыр. Мобилизацияланғандарды тез арада соғыс алаңына жіберу үшін оқытуда. Майданның барлық желісі бойынша жаңа кең ауқымды шабуыл кезінде оларды пайдалануы мүмкін. Мәселен, британдық барлау қызметі мобилизацияланған мыңдаған ресейліктер Беларусьте әскери даярлықтан өтіп жатқанын жеткізді. Ресей Федерациясының өзінде саны көп мобилизацияланған сарбаздарды дайындау үшін полигондар жетіспеуде.
-
Ресей Федерациясы өзінің қорғаныс-өнеркәсіп базасын қалпына келтіруге тырысуда. Украиналық барлау қызметі РФ-да экономиканы «соғыс жағдайына» көшіру бойынша белсенді процесс жүріп жатқанын хабарлады. Аталған қадамжар РФ ҚК әлеуетін күшейтуге және операциялар жүргізу үшін жағдай жасауға бағытталған.
- Кремль Украинадағы сәтсіздіктерге байланысты сынға ұшыраған Ресей қолбасшылығы мен Қорғаныс министрлігінің мәртебесін көтеруге тырысып жатыр. Путин Герасимовты тағайындауы арқылы Украинадағы әскери іс-қимылдарға бақылауды тікелей Қорғаныс министрлігінің қолбасшылығының қолына беруге түбегейлі шешім қабылдағанын көрсетеді.
-
Путин режимі соғысты қолдау үшін ресейлік ақпараттық кеңістікті дайындауды күшейтуде».
Украина барлау қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Путин жақын арада Ресейде мобилизацияның екінші толқынын жариялауы мүмкін. Айта кету керек, Соғысты зерттеу институтының сарапшылары да осылай деп отыр.