Ресей ұрыс алаңында жанкештілердің тактикасын қолдануда

2024 жылғы 24 ақпанда Ресейдің Украинаға баса көктеп кіргеніне екі жыл болды. Айта кету керек, толық ауқымда басып кіру кезінде Ресей Федерациясының армиясы технологиялық жағынан және жеке құрамы Украина Қарулы Күштерінен едәуір асып түскен еді. Президент Владимир Путин және Ресей әскери қолбасшылығы Украинаны жете бағаламай, тез әрі оңай жеңіске жетуге сенімді болған. Бұған дейін РФ өткізген оқу-жаттығулар ресейлік әскери қолбасшылық КСРО кезінен бері тактикасын өзгертпегені көрінеді, ол кезде генералдар бір маневр үшін ондаған мың сарбаздарды өлім ауызына жіберуге дайын еді.

Екі жыл бұрын президент Владимир Путин бастаған Ресейдің Украинаға қарсы кең ауқымды соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі Еуропадағы ең қанды соғыс болды. Екі жыл ішінде РФ-ның шығыны 400 мыңнан астам адамды құрайды. Ресей көптеген техникасынан айырылды және бұрынғы кеңестік бронетехниканы, қару-жарақты, патрондар мен оқ-дәрілерді пайдалануға мәжбүр. Ұрыс алаңында тозығы жеткен Т-55 және Т-62 танктерін көрген әскери сарапшылар таңданысын жасырмады, себебі Кремль пропагандисттері мен РФ әскери қолбасшылығы бірнеше жыл қатарынан армия заманауи жабдықтармен жасақталғанын айтқан еді. Владимир Путин билік басына келгелі бері 21 жыл ішінде жаңа қару-жарақ пен әскерлерді қайта жарақтандыруға 1,1 триллион АҚШ доллары жұмсалды. Ресей армиясының қатысуымен өткізілген әскери оқу-жаттығуларда аталған қаражаттың басым бөлігі генералдар жымқырғанын көрсетті, себебі Кремль осы кең ауқымды соғыста ескі кеңестік техника мен тактиканы қолданды.

Ресей мен Қытайдың «Восток-2018» оқу-жаттығуы барысында қытайлық медиа кеңістікте, атап айтқанда CCTV-де, ресейліктер «танкілерді айналдыру» — тактикасын қолданғанын жариялады. Қытайлықтар КСРО әскерлері «Батыс-81» оқу-жаттығуы барысында осындай тактиканы қолданғанын, демек, 37 жыл ішінде ешқандай өзгеріс болмағанын атап өтті. Сондай-ақ Қытай Ресейдің ескі кеңестік Т-62 танктерін пайдаланғанын, оны Кремль қолданудан алып тастап, кейін амал жоқтығынан қайта пайдануға бергенін атап өтті.

Бастапқыда қытайлықтар ескі танктерді неліктен қолданып жатқанын түсінбеген, бірақ кейін олар соғыс алаңында қарсыласын мысын басуға арналғанын түсінді. Яғни, қорғаныста, қарсыластың шабуылын тежеу үшін нақ осы Т-62 танкін қолданған, ал шабуылдау операциялары кезінде ресейліктер жаңғыртылған Т-72Б3 танкін қолданды. Шын мәнінде, Т-62 экипаждарын жанкешті деп атауға болады, бұл ресейлік армияның қазіргі заманғы концепциясын толық сәйкес келеді.

Ресей Украинадағы ұрыс алаңында алғаш рет Т-62 танктерін қолданғаны туралы 2022 жылдың мамыр айында белгілі болды. Қыркүйек айында соғыс алаңында жаңғыртылған Т-62М танкі пайда болғаны белгілі болды. ІІМ басшысының бұрынғы кеңесшісі Виктор Андрусив 2022 жылғы мамыр айында аталған танктерді «қару деп атауға болмайтынын» және «оларда «оққа жем болатын батальондар» болатынын айтқан еді, бірақ оларға УҚК снарядтарын жұмсайды деп атап өткен болатын.

Тозығы жеткен әскери техниканы пайдалану Ресей армиясы қандай жағдай екенін көрсетеді. Мәскеу мұны мақсатты түрде жасап жатыр, бірақ бұл ретте тірі күштерін құрбан етуде. Ресей қолбасшылығы сарбаздарының қырылып жатқанын пысқырып та қарамайды. Путин үшін ресейліктер көксеген мақсатына қол жеткізу үшін қолданатын ресурс.

Добавить комментарий