Молдова Президенті Майя Санду Ресейді мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Бұл туралы оның Франция Президенті Эммануэль Макронмен болған кездесуінің қорытындысы бойынша жасаған мәлімдемесінде айтылған.
Молдова президентінің баспасөз қызметі жариялаған мәлімдемеде Ресей Молдованы бақылауында ұстау үшін энергетикалық қоқан-лоқы, наразылықтарды қолдау және дезинформациялық науқандарды қолданып жатқаны айтылған.
Санду Молдованың қазіргі үкіметіне қолдау білдіргені үшін Макронға алғыс айтып, Франция тарапынан қаржылай және әскери көмектің маңыздылығын атап өтті. Оның Парижге сапары барысында Молдова мен Франция арасында қорғаныс және экономика саласындағы ынтымақтастық туралы шарттар жасалды.
Молдовада президенттің отставкаға кетуін және мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етіп жатқан оппозиция өкілдерінің жаппай наразылықтар орын алуда. Наразылық шаралары экономикалық дағдарысқа, күнкөріс деңгейінің төмендеуіне және бағаның өсуіне, соның ішінде елдің әскери шығындарына алаңдаушылық білдіруде.