РФ ІІМ мигранттардың ұлттық жүргізуші куәліктері жарамсыз деп танылатынын хабарлады. Бұл тұруға арналған рұқсатын немесе РФ паспортын алған адамдарға қатысты.
«Шетелдік ұлттық және халықаралық жүргізуші куәліктері Ресейде олардың иесі тұруға арналған ықтиярхатын немесе РФ паспортын алған күннен бастап алты ай өткен соң жарамсыз деп танылады», — делінген хабарламада.
ІІМ ақпараты бойынша, қалаған жағдайда мигранттар ресейлік куәліктерді ала алады.
Алайда бұл норманы шетелде тұрақты тұратын және жергілікті ереже бойынша жүретін ресейліктерге қолданбау ұсынылады.