6-8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық синоптиктер 6-8 мамыр күндері ауа температурасы төмендейді деп болжап отыр. Бірқатар өңірлерде жаңбыр жаууы мүмкін. «Қазгидромет» ауа райы тұрақсыз болады деп хабарлады.

«Жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста күн күркіреп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін», — деп ескертті синоптиктер.

Батыс антициклонының келуіне байланысты ауа температурасы төмендейді, республиканың солтүстігінде минус үш градусқа дейін суытады. Күндіз ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылынады. Күндіз Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде жаңбыр жауып, + 20-25 градусқа дейін төмендейді.

Добавить комментарий