Ресей мұнай өндіру көлемін тәулігіне 500 мың баррельге (б/т) қысқартатынын мәлімдеді. Мұндай шешім Үлкен жетілік елдерінің шекті баға енгізуіне байланысты қабылданды. Хабарланғандай, нарықтар бағаның өсуіне әсер етті.
Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады.
Жұма күні РФ вице-премьері Александр Новак Ресей наурыз айында «өз еркімен мұнай өндірісін тәулігіне 500 мың баррельге қысқартатынын» хабарлады. Ол Ресей мұнайы мен мұнай өнімдері бағасына шекті баға енгізу «нарықтық қатынастарға араласу» деп санайтынын және РФ мұнайды тікелей немесе жанама түрде «шекті бағаны» құптайтындарға сатпайтынын мәлімдеді.
Жаңалықтар аясында Brent маркалы мұнай 2,6%-ға өсіп, бір баррель үшін 86 доллардан саудаланады, ал америкалық West Texas Intermediate (WTI) баррелі 80 доллардан асты.
Айта кетейік, қазір Үлкен жетілік елдері Ресей мұнайы бағасына енгізген шекті баға РФ-ны қаңтар айында 8 млрд доллар түсімнен айырды. Дәл осы мұнай кірістері Ресей бюджеті кірістерінің негізгі бөлігін құрайды.
Өндірісті қысқарту туралы мәлімдемеге дейін мұнай бағасы қаңтардың ортасынан бастап ең үлкен апталық өсім жолында болған. Бұған Сауд Арабиясының Қытайдағы мұнайға деген сұранысты қалпына келтіруі, сондай-ақ Түркия, Норвегия және Қазақстанда жеткізілімдердің тоқтауы ықпал етті.
Ресейге қарсы энергетикалық санкциялар енгізілгеннен бері ел шикізат экспортын азиялық нарықтарға белсенді түрде жіберіп жатқанына қарамастан, олар көлемі жағынан да, сатып алу бағасы жағынан да еуропалық нарықты алмастыра алмайды
Естеріңізге сала кетейік! G7 ресейлік мұнай бағасына шекті баға енгізгеннен кейін төрт күн өткен соң РФ мұнайының бір бөлігі Мәскеу үшін белгіленген шекті деңгейден әлдеқайда төмен бағадан саудаланады.
G7 тобындағы елдер РФ-дан теңіз арқылы экспортталатын мұнай бағасына «шекті бағасын» барреліне $60 деңгейінде келіскенін жариялады.