Нидерланды Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция құйған ел

Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері 30 жылдың ішінде 670 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға инвестиция құйған елдердің алғашқы үштігіне Нидерланд (200 млрд доллар), АҚШ (90 млрд доллар), Швейцария (55,8 млрд доллар) кіреді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 670 млрд доллардан астам қаржы тартылды. Былтыр инвестиция көлемі үш есеге қысқарды — бұл 30 жылда алғаш рет орын алып отыр. Алайда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылмен салыстырғанда өсім 30%-ға артты. 2022 жылы Қазақстан 24 млрд доллар тартып, пандемияға дейінгі деңгейге шығуы керек.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанға шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 11,1 млрд долларды құрады.

«Елдер арасында ең көп инвестиция Нидерландыдан тартылды (бірінші жартыжылдықта үлесі — 29,6%), АҚШ — 18,8%, одан кейінгі орында Швейцария, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания тұр», — деді СІМ инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев.

Тау-кен өндіру саласы және өңдеу өнеркәсібі инвестициялық тартымдылығын сақтап отыр.

Тағы бір ірі инвестор БАӘ, олармен 6 млрд доллар тартуға бағытталған декларацияға қол қойылды.

«БАӘ — біздің 30 жылдағы стратегиялық инвестициялық серіктесіміз. Олар құрылыс, қаржы, білім беру, туризм, энергетика сияқты түрлі салаларда инвестициялық мүмкіндіктер мен құзыреттіліктерге ие. БАӘ Қазақстандағы ең ірі жиырма инвестордың қатарына кіреді», — деді ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров.

Ведомстводағылар атап өткендей, біздің нарықтан кетіп қалған инвесторлар бар. Олар қиындықтармен бетпе-бет келеді, оның ішінде инфрақұрылым дамымағандығы, кедендік және салықтық әкімшілендіру проблемалары, көші-қон және визалық мәселелер бар.

«Бізде диалог алаңдары бар, көптеген мәселе инвестициялық штаб, инвестициялық омбудсмен деңгейіне шығарылады, онда инвесторларды ұстап қалу үшін шешім табуға тырысамыз», — деп атап өтті Ерлан Зейнешев.

Оның айтуынша, инвесторлар Қазақстанда «жасыл»сутек өнідірісіне де үлкен қызығушылық танытуда.

Жыл басынан бері 27 шетелдік жоба пайдалануға берілді. 2021 жылдың соңына дейін тағы 16 жоба іске асырылуда, оның ішінде Шымкентте фармацевтикалық препараттар өндірісін жаңғырту, Маңғыстау облысында бұрандалы сорғылар өндірісі және басқалары бар.

Қазақстанда инвестициялық жобалар пулына 63,2 млрд доллар сомасына 449 жоба енгізілді. Оның ішінде 86 млрд теңге болатын 144 жобасы іске асырылды. Құны 15,3 млрд долларды құрайтын 79 жоба іске асырылу сатысында, 55 жоба (17,8 млрд доллар) пысықтау сатысында, сондай-ақ 171 инвестициялық ұсыныс дайындалуда.

Добавить комментарий