Ресей ЕАЭО-ны өзінің геосаяси мақсаттарына пайдалануда

Еуразиялық экономикалық одақты құру кезінде елдер бірінші кезекте қуатты экономикалық блок құруды көздеді. Бұл экономикалық одақ елдерге ешқандай қиындықсыз тауарлар импорты мен экспортын жүзеге асыруға және халықтың күнкөріс деңгейін арттыру үшін мүше мемлекеттердің экономикаларын тұрақты дамуына жағдай жасауға жәрдемдесу.

«ЕАЭО-ға мүше елдердің ішінде ең көп дивидендті Ресей Федерациясы алады. Мәселен, Қазақстан одаққа қосылғанда өзіне көптеген экономикалық міндеттемелер алды, сондай-ақ Ресейдің геосаяси ойындарының қыспағында қалды. Мәскеу ЕАЭО-да Нұр-Сұлтанға қысым көрсету үшін барлық тетікті қолдануда, бұл өз кезегінде Қазақстанның АҚШ-пен және басқа да батыс елдерімен қарым-қатынасын дамыту әлеуетін тежеуге алып келеді», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Фото: Экономистер Мәскеудің ЕАЭО-ны кеңейтуге талпынысы қатысушы елдер арасындағы теңсіздікті ушықтырады деп санайды

Сарапшылар Мәскеуді пайда табу мақсатында сауда кедергілерін жасады деп бірнеше рет айыптады. «Мәскеу сауда блогында өз мүддесін ғана қорғай отырып, басқа қатысушыларға кері әсерін тигізуде. Осылайша, ЕАЭО құру Ресейге бірқатар мәселені шешуге көмектесті. Бірінші кезекте посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерге өзінің экономикалық және саяси ықпал ету. Екіншіден, ресейлік мемлекеттік корпорацияларды кедергісіз күшейту үшін кеңістікті кеңейтті», — дейді сарапшылар.

Қазіргі таңда Кремль аталмыш экономикалық одақты кеңейтуге белсенді түрде тырысуда. Экономистер Мәскеудің ЕАЭО-ны кеңейтуге талпынысы қатысушы елдер арасындағы теңсіздікті ушықтырады деп санайды. Жақында одақты кеңейтуге бағытталған кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін құру туралы келісім идеясы болды. Қазақстандық сарапшылар бірыңғай транзиттік жүйенің көмегімен Ресей ЕАЭО-да тауарлардың қозғалысын қадағалап, қатаңдатуды жоспарлап отыр.

Фото: Экономистер Мәскеудің ЕАЭО-ны кеңейтуге талпынысы қатысушы елдер арасындағы теңсіздікті ушықтырады деп санайды

Өткен айда РФ президенті Владимир Путин кезекті рет Өзбекстанды ұйымға толық қосылуға көндіруге тырысып, «өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету» үшін оны «Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына қосылса» перспективалар ашылады деп мәлімдеді. «Бірақ Өзбекстан үшін мұндай қадам саяси және экономикалық тәуекелдермен ұштасады», — деп ескертеді батыстық мамандар.

«ЕАЭО бастапқыда тік негізде құрылды. Онда әрбір ел басқа қатысушы мемлекеттердің есебінен барынша көп табыс табуға тырысады. Шын мәнінде барлығына Ресей табыс табады «, — деп сенеді батыстық сарапшылар.

Добавить комментарий