Ресей «азовтықтардың» үстінен сот отырысын өткізбек

Украина аумағында соғыс қимылдары жүріп жатқанына сегіз жыл болды. Украиналық саясаттанушылар Қырымның Ресейге қосылуын Ресеймен соғыстың басы деп санайды, оны ресми Киев аннексия деп атады.

«Осы уақыт аралығында Ресей билігі Украинаның «еуропашыл бағытын», ел аумағындағы ресейлік телеарналардың бұғатталуын сынға алды. РФ 8 жыл бойы Украинаға қарсы риториканы жоспарлы түрде жүргізіп келеді және ел халқына Украина Ресей үшін АҚШ пен Ұлыбритания сияқты қас мемлекет деп сендіруде», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

2022 жылғы 24 ақпанда Ресей әскері ауқымды соғыс қимылдарын бастады. Соғыс басталғалы 6 жарым айдың ішінде РФ Украина қалаларына 3000-нан астам қанатты зымыран ұшырды. 9 маусымда БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы жүргізген талдауына сәйкес Еуропа елдерінде Украинадан келген шамамен 5 млн. босқын жүр. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, бірінші маусымдағы жағдай бойынша, соғыс басталғалы бері Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны 4113 адамға жетті.

Ресей билігі «Азов» батальонының әскери тұтқындарына қатысты ашық сот отырысын жүргізуге ниетті

«Қазіргі таңда көрсеткішартып келеді, себебі Украинаға РФ тарапынан күн сайын зымыран шабуылдары жасалуда. Бұл ретте Ресей тарапы ондаған адамның өмірін қиып жатқан зымыран шабуылдарын жасап жатқанын ресми түрде мойындап отыр. Винницадағы азаматтық нысандарға жасалған зымыран шабуылдарын мысал ретінде келтірсек болады. Ресей армиясы Украинаның инфрақұрылымын қырып-жойып жатыр, ал онымен бірге бейбіт тұрғындар құрбан болуда. Соғыс басталғанда ресейлік басқыншылардың украиналық азаматтарға қатысты жасаған әскери қылмыстары әлемдік қауымдастықтың жағасын ұстатты», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Ресей азаматтарының басым бөлігі биліктің жүргізіп отырған саясаты мен әскери операцияны қолдап отыр.

Украиналық БАҚ ресейлік әскерилер әскери тұтқындарға қатысты сот отырысын ұйымдастыру үшін Мариупольдегі филармония сахнасына темір торларды әкеп жатқанын мәлімдеді. Оларды айуанжықпен жазаламауы үшін «Азовсталь» қорғаушылары отбасылары қауымдастығы президент Владимир Зеленскийден, Халықаралық Қызыл Крест комитеті мен БҰҰ-дан трибуналға тартуға кедергі келтіруді сұрап жатыр.

Ресей билігі «Азов» батальонының әскери тұтқындарына қатысты ашық сот отырысын жүргізуге ниетті

Батыстық саясаттанушылардың пікірінше, Украинаның ұлтшыл батальондарының әскери қызметшілерін соттау ресейліктердің украиндықтарға деген өшпенділігін тудыруы мүмкін.

«Осының бәрі ғана Ресейге ауыр соққы болуы мүмкін. Ресейге қарсы енгізілген санкциялар және ондаған жылдарға созылуы мүмкін экономикалық дағдарыс, әскерилер арасындағы орасан зор шығындар, Иран мен Солтүстік Корея сияқты РФ өркениетті әлемнен оқшауланды», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

 

Добавить комментарий