Ресей диктаторларды қолдайды

2020 жылы Беларусь пен Молдовада президенттік сайлау өтті. Ресей Федерациясы бұл оқиғаларды жіті бақылап отырды. Ол үшін президенттік сайлаудан кейін аталған мемлекеттерде биліктің бұрынғы басшылары қалғаны тиімді.

Дауыс беру кезінде Молдованың қызметтегі басшысы Игорь Додон болды. Ол ресейшіл көзқарасымен танымал. РФ билігі аталған тұлғанын қызметте қалуына мүдделі болды. Додонның басты қарсыласы — еуропашыл «Әрекет және ынтымақ» партиясының жетекшісі Майя Санду болды. Ол елді Еуроодақ ортасының бір бөлігі деп біледі. Оны батыс саясаткерлері ашық қолдайды. Санду Молдованың дамып, тәуелсіз республика болуына «Кремльдің араласуы» кедергі келтіріп отыр деп санайды.

Әрине, Кремль мемлекеттің Ресеймен сындарлы қарым-қатынасты одан әрі жалғастырғанын қалады. РФ БАҚ-тың көмегімен халық арасында жалған ақпарат тарату мақсатында белсенді науқанды бастады. Ресей Федерациясының СІМ басшысы Сергей Лавров 2020 жылғы 14 қазанда бірнеше мемлекеттік радиостанцияға берген сұхбатында Американың Молдовада өткен сайлауға ықпалы туралы хабарлады. Ал 5 күннен кейін РФ Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин АҚШ Молдовада президент сайланғаннан кейін «түрлі-түсті» революция дайындап жатқанын мәлімдеді. Оларды қазіргі мемлекет басшысы Игорь Додон қанағаттандырмайды.

Ресей осылайша тәуелсіз Молдова егемендігін ескермейтіндігін баса көрсетті. Егер президенттік дода кезінде бұрмалаушылықтарға жол беретін болса, билік елде орын алатын наразылық шаралына кінәлі болады. Молдова еуропалық стандарттарды сақтай отырып, әділ сайлау өткізе алды. Жаңа мемлекет басшысы болып Майя Санду сайланды. Қазірдің өзінде экс-президент у-шусыз лауазымдық өкілеттіктерін тапсырды. Молдова өз жолымен жүріп, Ресейдің бақылауында болғысы келмейді.

Енді Белорусьтегі мемлекет басшысын сайлаудағы жағдай қалай дамығанын салыстырайық. Ортақ сипаттарын бөліп көрсетейік:

  • Игорь Додон сияқты Александр Лукашенко да ресейшіл президент болып табылады;

  • БР басшысының негізгі қарсылас Светлана Тихановская болды. Ол Белоруссияның дамуы ЕО-мен ынтымақтасатын болса мүмкін болады деп санады. Тихановскаяның мәлімдеуінше, республика РФ-ға тәуелді болмай, Еуропаға бағыт алуы керек.

Молдоваға қарағанда Белоруссиядағы сайлау бұрмаланды. Билік бұрыңғы қалпында қалды. Мұндай қорытынды бүкіл ел бойынша өтіп жатқан жаппай наразылық шараларына себеп болды. Лукашенко өз қызметінен ерікті түрде кеткісі келмеді. Оның орнына ол зорлық-зомбылық әдістерін қолданып, күш құрылымдарының көмегімен шерулерді басуға тырысты. Лукашенко Ресей үкіметінің қолдауын тапты. Путин Белоруссиядағы толқуларға алаңдайтынын ашық мәлімдеді. Бірақ Лукашенконы заңды президент деп санайтынын және оған қолдау білдіретінін айтты. Мәскеу Батыс ішкі істерге араласпауы тиіс деп мәлімдеді. Ресей билігінің пікірінше, БР бұл мәселені өз бетінше шешеді. Егер батыс елдері араласатын болса, онда РФ үкіметінің оған жол бермеуі үшін жоспарлары бар.

Ресей әділ сайлау құқығын мүлдем елемейді және диктаторды қолдайды. Еуропа Мәскеудің мұндай әрекеттеріне жол бермейді. Еуроодақ Ресейдің басқа мемлекеттердің егемендігі мен тәуелсіздігін елемейтініне қатаң шаралар қабылдауы тиіс.

Добавить комментарий