Ресей билігі өтірікті шындай көрсетуде

Батыс Ресейдің Украинаға баса көктеп кіруіне байланысты бұрын-соңды болмаған санкциялар салына бастағаннан бері Путин мен Ресей билігінің өкілдері халыққа ел экономикасы қуатты бола түседі деп сендіреді. Мәселен, Путин импортты алмастыру — тауарлар импортының қымбаттауына, қысқаруына немесе тоқтатылуына байланысты ел ішінде тауар өндірісін жолға қою елді тығырықтан шығарады деп мәлімдеді. 2022 жылдың мамыр айында Ресей Федерациясы кеңесінің конституциялық заңнама жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Клишас елдегі импортты алмастыру бағдарламасы сәтсіз болғанын мәлімдеді. «Ресейде халықаралық бренд тауарлары отандық тауарлармен алмастырылды. Мәселен, азық-түлік тауарлары көбінесе ресейлік тауарлармен алмастырылды, ал азық-түлікке емес тауарлар сегменті достас мемлекеттерден (Түркия, Беларусь, Қазақстан және т.б.) әкелінген өнімдермен алмастырылды. Бірақ мұндай импорт алмастыру кезінде дүкендерінде көптеген санаттағы тауарлардың бойынша ассортимент бағасы 100%-ға өсті, тіпті одан да қымбат болды», — деп мәлімдеді батыс сарапшылары.

Фото: Батыс сарапшылары Ресейдің экономикалық жағдайына қатысты пікір білдірді

Айта кету керек, РФ-ға қатысты 11 санкция пакеті енгізілді, бұл агрессор елдің экономикасын құрдымға жіберуде. «Санкцияның әсері бірден білінбейді. Сондай-ақ, Путин Украинадан ел әскерін шығаруға ниетті емес, сондықтан Еуропалық Одақ елдерін қолданыстағы санкцияларды қатаңдатып, жаңа шектеу шараларын енгізуді енгізуге мәжбүрлейді. Мәселен, Польша ЕО санкцияларының 12-ші пакеті аясында Ресейден гауһар мен сұйытылған газ импортына тыйым салуды ұсынып отыр. Сондай-ақ, осы айда енгізілген АҚШ-тың жаңа санкциялары сарапшылардың пікірінше, ресейлік газ өнеркәсібінің негізгі жобаларын тоқтап қалу қаупін тудырады. 150-ден астам жеке және заңды тұлғалар енген аталған санкциялық пакет осы жылдың ең ауқымдысы. Айта кетейік, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Газпромның» газ бизнесі шығынға батуда — бұл пандемия кезеңінен бері алғаш рет және соңғы 25 жылда екінші рет болып отыр», — деп хабарлайды сарапшылар.

Сонымен қатар, ресейлік ұлттық валюта да зардап шегуде, дейді батыс сарапшылары. Мысалы, тамызда Ресей рублі үш санды белгіден өтіп, әлемдегі ең әлсіз үш валютаның қатарына қосылды. «Қалыптасқан жағдай ресейліктердің мазасын қашыруда. Мәселен, ресейлік банктер инфляцияның өсуі мен валюталық ауытқулар жағдайында халықтың алтын құймаларға сұранысы артқанын мәлімдеп жатыр», — дейді саясаттанушылар.

Фото: Батыс сарапшылары Ресейдің экономикалық жағдайына қатысты пікір білдірді

Олар сондай-ақ Ресей президенті ел азаматтарын шатастырып жатыр деп мәлімдейді. «Путин санкциялардан кейін экономика қалпына келгенін және даму кезеңіне өткенін мәлімдеді. Айта кету керек, бұған дейін Путин Ресей экономикасы Германиядан басып озып, әлемнің үздік 5 экономикасының қатарына кіргенін айтқан болатын. Бұл ретте РФ президентінің бұл мәлімдемесі тарихта алғаш рет РФ-ның еуропалық бөлігінде АИ-95 маркалы жанармайдың көтерме бағасы тоннасына 70 мың рубльден асып түскені аясында жасалды. Айта кету керек, Ресейдің бірқатар өңірлерінде баға шарықтау шегіне жеткеннен кейін жанар-жағармай құю бекеттерінде дизель мен жанармай таусылып қалды. Ресей халқының несие бойынша қарыздары барын айта кетейік. Орталық банк ұсынған мәліметк сәйкес, ресейліктердің несие бойынша қарыздары РФ тарихында алғаш рет 32 трлн. рубльден асып түсті», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий