Ресей: баяу жүріп жатқан вакцинацияның салдары қандай болуы мүмкін

2020 жылдың наурыз айында COVID-19 вирусы бүкіл әлемді шарпыды. Кейбір мемлекеттер вакцина жасауға білек сыбана кіріскен, Ресей де олардың қатарында болды. Бірақ бүгінгі таңда Ресей Федерациясы коронавирусты жұқтырған азаматтар саны бойынша ТОП-5 елдің қатарында. Ресейдің өзінің «Спутник V» вакцинасы бар екенін ескеретін болсақ, халықты вакцинациялау өте баяу жүріп жатыр.

Неге осындай жағдай орын алды? Мұнда 2 себепті атап өтуге болады:

  1. 1. Вакцинаның тапшылығы салдарынан өңірлерге жеткізілімдердің тізбегінің үзілуі
  2. Ресей азаматтары отандық вакцинаға сенім артып отырған жоқ .

БАҚ ресейлік вакцинаның Батыс вакциналарынан артық болмаса кем емес деп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Батыс вакциналары қымбат болғаны және ресейліктер үшін вакциналаудың бірден-бір жолы тегін ресейлік вакцинаны салдыру екінші негіз болды. Бұл пікірлердің дұрыстығын бағалау қиын болды, себебі жекелеген вакциналардың бағасы мәмілеге қарай және әр компанияда әр түрлі болып өзгереді (мысалы, Moderna вакцинасы дозасы үшін 37 доллар тұрады, ал Oxford-AstraZeneca вакцинасы екпе үшін бар болғаны 4 доллар тұрады).

Өткен жылғы желтоқсан айынан бастап ресейлік азаматтарды отандық вакцинамен егу басталды. Ресейде 3 айдың ішінде, ресми деректер бойынша, небәрі 5 млн адам вакцина салдырған. Статистикалық мәліметтерді алсақ, Ресейде орташа есеппен тәулігіне 124 мың адам егіледі, ал бұл, мысалы, Ұлыбританиядан едәуір төмен, онда тәулігіне 300-350 мың адам екпе салдырады. АҚШ-та тәулігіне 1,3 млн адам егіледі. Осы үш мемлекетті біріктіретіні, олардың әрқайсысының өз вакцина өндірісі бар.

Ресей үкіметі елдің барлық өңірін вакцинамен қамтамасыз ете алмайтын сияқты. Наурыз айының басында РФ президенті 9 аймақта вакцинация әлі басталмағанын мәлімдеді, алайда бір ай бұрын РФ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко «Спутник V» вакцинасы елдің барлық өңірлеріне жеткізілгенін хабарлаған болатын.

Батыстың саясаттанушылары Ресейда вакцинацияның баяу қарқынына байланысты коронавирустың үшінші толқыны болады деп есептейді. Бұл қатаң локдаунға және экономикалық ахуалдың нашарлауына әкеледі, аман қалудың амалын өздеп отырған шағын және орта бизнеске кері әсер етеді. Сұрақ — аман қалу мүмкін бе. Бизнес қиындықтарды өзі шешуге мәжбүр, Ресей үкіметі ешқандай қолдау көрсетіп жатқан жоқ. Екінші жағымсыз жағдай — екпе салдырмаған азаматтардың көбі вирустың жаңа түрлері үшін жақсы жағдай. Коронавирустың жаңа түрі Британиялық штаммнан әлдеқайда ауыр болуы мүмкін, осылайша әрбір ресейліктің денсаулығы мен өміріне қауіп төнуде.

Добавить комментарий