Ресей әскерлері Авдеевканы қалай да болсын жаулап алу үшін барын салып жатыр. Қазіргі таңда РФ әскері соғысқа дейін 30 мыңдай адам тұрған шағын өнеркәсіптік қалаға шабуылдап жатқанына бір айдан астам уақыт өтті.
УҚК бас қолбасшысы Валерий Залужный 10 қарашадағы жағдай бойынша Ресей армиясы 100-ден астам танктен, 250 басқа броньды машинадан, елу бірлік артиллериялық жүйеден және 7 бірлік Су-25 ұшағынан айырылғанын мәлімдеді. Ол Авдеевка маңында кескілескен шайқаста бір ай ішінде РФ армиясы жеке құрамының шамамен 10 000 адамы жер жастанғанын мәлімдеді.
Ресейлік әскерилер бұрынғы қателіктері ескерместен, Авдеевкаға шабуылдап жатқанын айта кеткен жөн. РФ армиясы Украинадағы позицияларға ондаған бронетехника мен жүздеген жаяу әскерден тұратын колоннамен шабуыл жасағаны белгілі. Нәтижесінде Украина Қарулы Күштері әскери колонналарды еш қиналмастан жермен-жексен етті. Осылайша, укаиндік тараптың мәліметінше, РФ армиясы «бронды жұдырық» тактикасын пайдалана отырып, Красногоровка маңында алпыстан астам техника бірлігінен айырылды. Ресейліктер соңғры рет Угледар үшін шайқаста осылай шабуылдаған, соның нәтижесінде ресейлік әскерилер жүзден астам бронетехникасынан айырылды.
Ресей армиясы екі мәрте шабуылдады. Біріншісі 9-13 қазан аралығында, екіншісі 14-23 қазан аралығында болды. Аталған шабуылдау әрекеттері РФ Бас штабы бұған дейінгі сәтсіз шабуылдар кезінде ел армиясының қателіктері сабақ болмағанын көрсетеді, деп есептейді украиналық әскери сарапшылар. Украина қолбасшылығы мен түрлі сарапшылардың айтуынша, Ресей армиясы украиналық позицияларға үшінші рет шабуылдауға белсенді дайындалуда. Айта кетейік, сарапшылардың мәлімдемелеріне сәйкес Авдеевка жақсы бекінген және қорғалған тірек пункті. Бір айға созылған қанды шайқастар бұған айқын дәлел.
Ресейліктер Авдеевка түбінде бірнеше ай бойы шабуыл жасап, бұрын-соңды болмаған шығынға ұшырауда және Бахмуттағы кебін қайталап отыр. УҚК аталған елді мекенді әлі қанша күн, апта немесе ай уысында ұстап тұратыны белгісіз, РФ әскері жаулап ала алмай қалуы әбден мүмкін. Басып алған күннің өзінде бұл әскери тұрғыдан өте көп шығындар мен жұмсалған ресурстарды ескере отырып, көңіл көншітетіндей жеңіс болмайды.
Нелікте ресейліктер Авдеевканы басып алу үшін барын салып жатыр? Бұған дейін Бахмутты жаулап алу саяси тұрғыдан қажет болды, дәл осы себеппен Авдеевканы жаулап алмақ. Путинге ел әскерінің күші мен қуатын көрсету керек.
Ал Украина Қарулы Күштері сәтті шабуылдап жатыр. Олар Қырым кеме жасау инфрақұрылымына жасаған әуе шабуылдары нәтижесінде РФ-ның әскери кемелері жойылды. Суүсті соққы беретін дрондар Ресейдің катерлерін зақымдап жатыр. РФ бақылауындағы Украина аумағындағы аэродромдарға ATACMS зымырандарымен соққы беріп жатыр. Бахмут ауданында және Запорожье бағытында алға жылжып келеді, сондай-ақ Херсон облысының сол жағалауында позициясы нығаюда. Украина армиясының шабуылдарына жауап ретінде Кремль Авдеевканы кез келген жолмен жаулап алуға тырысып жатыр.