«ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) «Теңізшевройл» (ТШО) ресурстарынан экспортты Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан жүзеге асырыла алмады.
Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан Баку — Тбилиси — Джейхан (BTC) бағыты бойынша экспорты тоқтап қалды. Бұл туралы журналистерге ТШО бас директоры Кевин Лайон хабарлады.
«Қазіргі таңда біз «ҚазМұнайГазбен» осындай маршрутты анықтау және қалыптастыру үшін жұмыс істеп жатырмыз, себебі Теңізден теміржол арқылы жөнелтіледі. Өкінішке орай, өздеріңіз білесіздер, Түркияда орын алған жер сілкінісі инфрақұрылым нысандары мен Түркиядағы Джейхан терминалына әсер етті», — деп Лайон ҚМГ ақпан айында ТШО ресурстарынан BTC бойынша мұнай экспорттауды жоспарлап отыр ма деген сұраққа жауап берді.
«Қазіргі таңда бізде сынақ жөнелтулерді іске қосу мүмкіндігі жоқ, сондықтан маршрут әлі іске қосылмады. Біз зілзала салдарынан зардап шеккен адамдардың сауығып кетуін тілейміз және сынақ өткізу мүмкіндігін болғанын күтеміз», — деп атап өтті ол.