Ауыл шаруашылығы министрлігі маусымдық жұмыстарда мигранттардың санын біртіндеп қысқартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Джамбулат Хатуов мәлімдеді, деп жазады жергілікті БАҚ.
Ведомство мәселенің шешімін тапты, олар кәсіптік техникалық училищелердің, жоғары оқу орындарының студенттерін шақыратын болады. Хатуов фермерлер мен ірі агрокомпаниялар егін алқабында жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.
«Біз мамандарды оқытып шығарайық, ал сіз ұйымдастырып, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасаңыз. Бізге білікті мамандар қажет», — деді ол. Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі маусымдық шетелдік жұмысшылардың тапшылығын 38,2 мың адамға бағалаған болатын.
Бұған дейін Хатуов биліктен ерекше жағдай ретінде мигранттар үшін шекара ашуды сұраған болатын. Ол мұндай бастаманы вице-премьер Виктория Абрамченкоға жолдады.