ЕО карантинді бұзған еурокомиссардың отставкасын қабылдады

Еурокомиссар Фил Хоган карантиндік ережелерді бұзғандықтан отставкаға кетуге мәжбүр болды. ЕО басшысы оның өтінішін қабылдады.

Еурокомиссардың сауда жөніндегі уақытша қызметі ЕК басшысының орынбасары, Латвия өкілі Валдис Домбровскиске жүктелген.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Ирландияға барған жеке сапарында карантинді бұзған ирландиялық сауда жөніндегі еурокомиссар Фил Хоганның отставкаға кетуін қабылдағанын мәлімдеді. Бейсенбі күні Брюссельдегі журналистерге хабарлағауынша, еурокомиссардың сауда жөніндегі қызметі уақытша Еурокомиссия басшысының орынбасары, Латвия өкілі Валдис Домбровскиске жүктелген.

«Мен сауда жөніндегі еурокомиссардан оның отставкаға кету туралы шешімі туралы хабарлама алдым. Мен оған Еурокомиссияның қазіргі және өткен құрамындағы жұмысы үшін ризашылығымды білдіргім келеді «, — деп мәлімдеді фон дер Ляйен. — Біз ауыр пандемияны бастан кешірудеміз, сол үшін мен барлығынан карантиндік шектеулерді қатаң сақтауды күтемін «.

«Енді Ирландия үкіметі жаңа кандидатты [еурокомиссар лауазымына] тағайындауы тиіс. Мен Ирландия үкіметінен екі кандидатураны — еркек пен әйелді ұсынуды сұраймын. Сауда жөніндегі еурокомиссар міндетін уақытша атқаратын Еурокомиссия төрағасының орынбасары Валдис Домбровскис болады «, — деп түйіндеді ол.

Хоган ирландиялық баспасөзде «Гольфгейт» деген атауға ие болған жанжалдың ортасында қалған. Еурокомиссар 19 тамызда Ирландияның Клифден қалашығында өткен парламенттік гольф-клубының гала-кешіне қатысты. 81 адам қатысқан шара қоғамдық жиналыстарды өткізуге байланысты карантин ережелерін өрескел бұзды.

21 тамызда шарада қонақ болған Ирландия Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Дара Каллири отставкаға кетті. Кейінірек ирланд баспасөзінде Клифденге келгенге дейін еурокомиссар карантинге жабылған Килдэр графтығын қоса алғанда, бірнеше жеке сапарға шыққаны туралы хабар тарады.

Добавить комментарий