2025 жылы Ресей Армения, Қазақстан және Қырғызстанмен халықаралық кіріс роумингін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды ресейлік басылымдар Еуразиялық экономикалық комиссияның сауалына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда ЕАЭО-дағы халықаралық роуминг Ресей мен Беларусь арасында тоқтатылды, енді басқа одақтас мемлекеттермен халықаралық кіріс роумингін тоқтату туралы сөз қозғалып отыр.
Жол картасына сәйкес байланыс операторлары талдау жүргізіп, өз желілеріндегі алаяқтықтың жолын кесу бойынша жұмыс бастау қажет. 2024 жылдың соңына дейін мүше мемлекеттердің аумағында байланыс қызметтеріне қолайлы тарифтерді пайдалану қағидалары әзірленуі тиіс. 2025 жылдың басында халықаралық интерконнект мөлшерлемесін төмендету қажет. «МТС» компаниясы ЕАЭО аумағында абоненттер үшін қолайлы тарифтерді енгізу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Бұл ретте кейбір мобильді операторлар халықаралық роумингтің күшін жою кезінде саланың кірістерінің төмендеуі мүмкін екенін мойындайды, бірақ «Мегафон» тарифтердің төмендеуі кірістің айтарлықтай қысқаруына алып келмейді деп есептейді. Tele2 және «Вымпелком» бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беруден бас тартты.