Қазақстанда шетелдік валюта мен алтынды әкетуге тыйым салынады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетел валютасы мен алтынды елден әкетуге құжатқатыйым салатын жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына толықтыру енгізу туралы», — делінген Президенттің 2022 жылғы 13 маусымдағы Жарлығында.

Жаңа жарлыққа сәйкес, шетел валютасы мен алтынды әкетуге тыйым салынады:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің операциялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдардың операцияларына;

2) Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан әкелінген және қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың және мемлекеттік бақылау актісінің негізінде «кері экспорт» кедендік рәсімімен мəлімделетін шетелдік шикізатты қайта өңдегеннен кейін алынған аффинирленген алтынды әкетуге;

3) Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттің алыс-беріс шикізатын қайта өңдегеннен кейін алынған аффинирленген алтынды сол Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттің аумағына аффинирленген алтынды кейіннен əкете отырып (қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды негізінде) əкетуге;

4) екінші деңгейдегі банктердің шетелдік банкпен жасасқан тиісті шарт негізінде жүзеге асырылатын төлемдік емес және (немесе) айналысқа жарамсыз қолма-қол шетел валютасын әкетуіне;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалатын өзге де жағдайларға.

Добавить комментарий