Бес күн ішінде 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл жинаған Орал қаласының тұрғыны жұртшылықты таң қалдырып отыр. Жақында қазақстандық 19 жасар жүргізуші бес күн ішінде жол ережесін 33 мәрте бұзғаны белгілі болды. Ол негізінен жылдамдықты асырған.
Suncar Smart Qorgau жүйесінің көмегімен облыс орталығының көшелерінде жол қозғалысы кезінде жылдамдықты бірнеше рет асырған “Ваз 2112” автокөлігі анықталды. Көп ұзамай патрульдік полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны тоқтатып, жауап алу кезінде жүргізуші Орал қаласының тұрғыны болып шықты.
Жалпы айыппұл сомасы 1 миллион 500 теңгені құрайды. Жүргізуші айыппұлды оңайлатылған тәртіпте 50%-ын өтей алады, яғни, ол 500 мың 250 теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылды.