Байқоңыр қаласының тұрғыны Ресей әскерінің беделін түсіргені үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Сот азаматты жоғарыда аталған әрекеті үшін кінәлі деп танып, оған 10 мың рубль көлемінде айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», — делінген хабарламада.
Ер адамның әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы ұлтараздық араздықты қоздыру қоздыруға бағытталғаны атап өтілді. Тексеру нәтижесі бойынша Александр Трифонов жауапқа тартылды.