Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты. Кезектен тыс іс-шара бейнебайланыс форматында өтті.
Оны өткізуді Армения ұсынды.
Сонымен қатар саммитке Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.
Сессия барысында ҰҚШҰ-ның Арменияға биыл 15 қыркүйекте жіберген Миссиясы жұмысының нәтижелері талқыланды.
Тоқаев ТМД үкімет басшыларына үндеу жасады.
Қазақстан Президенті жиында сөйлеген сөзінде жанжалды тек бейбіт жолмен және саяси-дипломатиялық тәсілдермен реттеу керек екенін атап өтті.